Қазақстан • 01 Қараша, 2020

Коронавирус жұқтырған 330 бала емделіп жатыр

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 1 қарашасындағы коронавирустық инфекциядан 4 166 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 330 бала емделіп жатыр

Олардың арасында 330 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 339 науқас жатыр. 1 827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 154 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.