
1 қарашада Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше әлем бойынша барлығы 46 015 562 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.
Пандемия құрбандарының саны 1 194 906 адамға жетті. Сондай-ақ 30,7 млн адам қауіпті вирустан емделіп шықты.
COVID-19 вирусынан ең көп зардап шеккен ел АҚШ болып отыр. Бұл елде 9 402 590 адам инфекция жұқтырған. Екінші орында 8 184 082 тұрғыны вирус жұқтырған Үндістан тұр. Ал Бразилия үшінші орында тұр. Соңғы деректерге сүйенсек, бұл елде 5 535 605 адам қауіпті инфекция жұқтырған.
Жалпы, өткен тәулікте әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа рекордтық көрсеткіші тіркелді, яғни бір күнде 535 928 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Ал бүгін 505 756 жағдай тіркелді.