Әлем • 02 Қараша, 2020

«Мен сөз бостандығына мүмкіндік беремін»

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция президенті Эммануель Макрон Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына наразылық танытқан мұсылмандарға қатысты мәлімдеме жасады. Al-Jazeera басылымына берген сұхбатында қандай жағдай болса да қатыгездікті қолдамайтынын айтты. Сондықтан радикалды бағыттағы топтармен жұмыс жалғаса түседі деген ойын білдірді.

«Мен сөз бостандығына мүмкіндік беремін»

«Мен бұл оқиғаға қатысты алаңдаушылықты түсінемін және олардың пікірін сыйлаймын. Дегенмен осы жердегі менің рөлімді де қабылдау керек. Мен сабырға шақыра отырып, олардың құқығына нұқсан келтірмеуім керек. Мен қашанда еліміздегі сөз, ой бостандығы мен пікірін жазу мен сурет салу арқылы білдіруге мүмкіндік беремін», деді Франциядағы бірқатар лаңкестікке қатысы пікірін айтқан президент.

«Халықтың басым бөлігі мені әлгі карикату­ра­ларды қолдады деп түсінеді. Ол суреттер мемлекеттің жобасы емес, сонымен қатар тәуелсіз, мемлекетке қатысы жоқ басылымдарда жарық көргенін ескеру керек», дейді Э.Макрон.