Қоғам • 02 Қараша, 2020

Ұшқышсыз ұшу аппараты: қолданыс аясы кеңейді

1916 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді енгізу және дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ұшқышсыз ұшу аппараты: қолданыс аясы кеңейді

Ұшқышсыз ұшу аппараттары – әскерлер мен қару-жарақты қол­­дану­дағы нақты жаңашылдық. Бү­гінде әлем елдері оларды қару­лы қақтығыстарда да, сондай-ақ іс-ша­ралардың қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету үшін де кеңінен қолдануға көш­ті.

Қару-жарақтың бұл түрі Қазақ­стан әскеріне белсенді түрде енгізіліп жатыр. Қарулы Күштердің Құрлық әс­керлері «SkyLark» тактикалық ұш­қышсыз ұшу аппараттарымен жаб­дықталған. Ол 10 шаршы шақырым аумақты бақылауға арналған. Ол ба­задан 40 шақырым қашықтықта бір­неше жүздеген метр биіктіктен жердегі жеке адамдарды көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ су­рет­ті оператордың мониторына бере алады.

Әскери-әуе күштерінің тізімінде «WingLoong» барлау-соққы беру кеше­ні бар. Ол әуе барлауын жүргізу міндеттерін ғана орындап қоймай, бас­қарылатын зымырандар мен бом­­баларға жоғары дәлдікті соққы бе­реді.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары арнайы инфрақұрылымды талап етпейді. Бұл ретте олар жауынгерлік тиімділікті айтарлықтай арттырып, басқарылатын авиацияға жүктемені төмендетеді. Оларды мақсатты ай­қын­дауға, артиллерия атысын тү­зетуге, жердегі нысанаға соққы бе­ру­ге, аса маңызды нысаналар мен олар­дың элементтерін жедел жою үшін қолданылады.

Коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде Қарулы Күштердің ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылды. Олардың көмегімен 80-ге жуық құқықбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, рұқ­сат­сыз адамдардың және көлік құралда­ры­ның карантин­дік аймақтардан тыс жерлерге өтуі.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қамтамасыз ету мен пайдалану бойынша мамандарды Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында даярлайды. Тараз қаласында ұшқыш­сыз ұшу аппараттарын дайындау және жауынгерлік қолдану орталығы құрылды. Шаһардағы орталықта опе­раторлар біліктілігін арттырып, нұс­қаушыларды оқытады. Сондай-ақ жыл сайын оқу-әдістемелік жиын­дар да өткізіледі. Мәселен, таяу­да Тараз қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарына арнал­ған кезекті семинар-тренинг өтті. Онда табиғи және техногендік сипат­тағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында ұш­қышсыз ұшу аппараттарын пайдалану мақсат етілген.

Тренинг барысында оқитындар орталық жаттықтырушысымен және қыз­меткерлерімен бірлесіп ұшу­дың қол режімін және «DJI Pilot» маман­дандырылған БҚ-да басқарудың ерекшеліктерін ұшу алдында баптау­ды жүргізді.

«Pix4d Capture» және «CTRL+DJI»­ бағдарламалары арқы­лы авто­номды режімде ұшу жоспарын жасады. Сондай-ақ жаттығу кезін­де ықтимал қауіпті маневрлер пысықталып, «DJI Assistiant 2», «AIR map» және «UAV Forecast» қосалқы бағдар­ламаларының әдіс-тәсілдері таныстырылды.

Бұдан бөлек, әскерилер ұшуды бас­тау кезіндегі ұшқыштардың негіз­гі қателіктерін және ұшу кезін­де­гі негізгі сақтық шараларын пы­сық­тады. Ел аумағындағы әуе қозға­лы­сын реттеу саласындағы заңна­маны зерделеп, «Pix4Dmapper» арқы­лы дерек­терді ұшудан кейінгі өңдеуді қам­тамасыз етудің талдамалық бағ­дар­­ламасын үйренді. Сондай-ақ Та­лас өзені арнасының үлгісінде ре­льеф­­тің және егжей-тегжейлі орто­фо­то жоспардың  цифрлы моделі әзір­­­ленді.

Тренингте әскерилер ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруға, жоға­ры сапалы ортофото жоспарларды, ғимараттардың үш өлшемді модель­дерін, жергілікті жер мен рельефтің цифрлық модельдерін, биіктік карталарын жасау тәсілдерін пысықтады.

Қазақстандық әскери қызмет­шілер біліктіліктерін Армия ха­лық­­аралық ойындары барысында да шың­дай түседі. Қазақстан жыл са­йын елімізде өткізілетін «Сұң­қар аң­шылығы» ұшқышсыз ұшу аппарат­тарын сынау сайысына бас­тама көр­сетті. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Қарулы Күш­терінің командасы сайыста бірін­ші орынға ие болған-ды. Бұл еліміз­дегі қару-жарақтың осы түрінің табысты қолданылуы мен дамуын көр­сетеді.

Жалпы, елімізде ұшқышсыз ұшу аппараттарды ұшыру мен пай­да­­лану тәртібі 2010 жылғы 15 шіл­дедегі «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиа­ция жұмысы» заңында және Үкімет­тің 2011 жылғы 12 мамырында бекі­тілген әуе кеңістігін пайдалану туралы №506 бұйрығының 5 ережесінде қарастырылған.

Қазіргі ұшқышсыз ұшу аппа­рат­тарының кешенді түрде қол­да­ныс аясы кеңейіп келеді. Автомат­тан­ды­рылған ұшқышсыз авиациялық жү­­йе­лер белгілі бір авиациялық жұ­мыс түрлерін орындау үшін құры­ла­ды.

Олардың авиациялық жұмыс­тарының негізгі түріне әуе түсірі­лімдері мен бақылаулары, әуе гео­дезиялық және маркшейдерлік, авиациялық-химиялық жұмыстарды атқару, әуе тасымалы кіреді. Сон­дай-ақ оларды ұшыру тәртібін ай­маққа байланысты мемлекеттік органдар реттейді. Еліміздің заңнама­сында жеке және заңды тұлғалар үшін дрондарды сатып алуға және пайдалануға шектеу қойылмаған. Қазіргі таңда елімізде ұшқышсыз 277 ұшу аппараты тіркелген.

Жалпы, мұндай дрондардың қарулы күштерде қолданылуы кейін­гі кезде күрт артқан. Кей са­рап­шы­­лардың пайымдауынша, ке­ле­шекте сарбаздардың әрбіреуі дербес ұшқышсыз ұшу аппаратына ие болуы мүмкін. Ұшқышсыз ұшатын шағын аппараттар әскери тапсырманы орындауға шыққан сарбаздарға көмек­теседі.

«КТ-Беспилотные Системы» арнайы жобасының бас конструкторы Павел Рожковтың айтуынша, қазіргі таңда салмағы 180 грамм тартатын нано ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрастыру жұмысы жүріп жатыр. Мұндай дрон бірқатар мамандандырылған әскери тапсырмаларды орындау үшін қажет. Әсіресе, іздеу-құтқару операцияларында, қиын немесе жабық нысандарды тексеру, мониторинг жүргізуде таптырмас көмекші.