Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайдың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) хабарлаған.
Ауруханаларға 940 адам жеткізілген. Оның 722-сі медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген, 218-і емделіп жатыр.Жер сілкінісінен кейін 947 афтершок болған. Оның 43-інің магнитудасы 4 балдан жоғары болған.
Айта кетейік, 29 қазан күні Егей теңізінің жағасындағы Измир қаласында 6,6 балдық жер сілкінісі болды.