Әлем • 02 Қараша, 2020

Германияда локдаун режимі енгізілді

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда коронавирустың таралуын тежеу үшін бүгіннен бастап айдың соңына дейін локдаун режимі енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.

Германияда локдаун режимі енгізілді

28 қазанда ГФР канцлері Ангела Меркель карантин енгізілгенін жариялады. Жаңа ұлттық қатаң шектеу режимінің қажеттілігін түсіндіре отырып, ол денсаулық сақтау жүйесі пациенттер санының өсуіне байланысты болса да, бірнеше аптадан кейін оның мүмкіндіктері шегіне жетуі мүмкін деді.

Шектеу шаралары бойынша театрлар мен фитнес-клубтар жабылады, туристік сапарлар шектеледі, тамақтану орындары тек тұтынушы өзімен тағамды алып кету немесе жеткізу қызметі арқылы жұмыс істейді, ал мектептер мен балабақшалар ашық болады, шаштараздар мен дүкендер келушілер санын шектей отырып жұмысын жалғастырады. Көктемде енгізілген карантин режимімен салыстырғанда бұл жолы мектептер мен балабақшалар жабылмайды.

1 қарашадағы жағдай бойынша Германияда бір тәулікте 14,2 мыңға жуық коронавирус инфекциясы анықталды, 29 адам қайтыс болды. Эпидемия басталғалы бері Германияда коронавирустың 532 930 жағдайы және 10 481 өлім тіркелді, 355 мыңнан астам науқас сауығып кетті.