Әлем • 03 Қараша, 2020

Венадағы терактіде қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венадағы терактілерде Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Венадағы терактіде қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

"2 қараша күні кешке Аустрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар. Аустриялық полиция терроризмге қарсы ауқымды операция жүргізуде", делінген хабарламада.

Қазақстанның Аустриядағы елшілігінің алдын ала ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында ҚР азаматтары жоқ.

Еске сала кетейік, кеше Аустрия астанасы Венада лаңкестік шабуыл болған еді. Қарулы шабуылды бірнеше қаскөй ұйымдастырған, оның біреуін полиция атып өлтірді. Енді сыбайластарын іздеп жатыр.