2 қараша күні Сәтбаев қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция взводының қызметкерлері “Сәтбаев-Сарыкеңгір” тас жолында қызмет атқару кезінде сағат түнгі 03.50 шамасында үш азамат мінген автокөлікті тоқтатқан. Олардың барлығы бір мекемеде жұмыс істейтін әріптестер болып шықты.
Полиция қызметкерлері аталған көлікті тексеру барысында көліктің жүк салғыш бөлігінен екі аккумуляторды байқаған. Көлік жүргізушісі де, оның серіктестері де аккумуляторлардың шығу тегін түсіндіре алмады.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұрланған заттардың иесін анықтауда.