Валерий Гриненко Еуразиялық Топ құрылымында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Днепропетровск металлургия институтын "Қара металдар металлургиясы" мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының докторы, 40-тан астам ғылыми жұмыстардың, патенттер мен монографиялардың авторы, ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Валерий Гриненко еңбек жолын 1984 жылы Никополь ферроқорытпа зауытында көрікші болып бастаған. 1985 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 цехы өндірістік шеберінің көмекшісі болып жұмысқа қабылданды. Сол жылы цехтың өндірістік шеберін қызметіне ауысып, кәсіпорынның бас директорлығына дейін кәсіби өсудің барлық кезеңдерінен өтті.
Бұған дейін "ССКӨБ" АҚ президенті болып жұмыс істеген Береке Сағатұлы Мұхаметқалиев Еуразиялық Топта табысты еңбек етіп келе жатқанына 20 жылдан асты. Оның басшылығымен ССКӨБ Еуразиялық Топтың кәсіпорындары арасында алғашқылардың бірі болып цифрлық технологияларды енгізе бастады. 2017 жылдың желтоқсанында "Ақылды кеніш" жобасы іске қосылған. Жаңашылдық нәтижесінде кәсіпорын шығаратын өнімнің экономикалық тиімділігі артты. "Ақылды кеніш" ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір кезінде іске қосылды және оны Мемлекет басшысы жоғары бағалады.