Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Жануарларды қорғау мәселесі бойынша кеңес өтеді

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан әкімдігінің бастамасымен құрылған жануарларды қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің алғашқы кездесуі қараша айында өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жануарларды қорғау мәселесі бойынша кеңес өтеді

Отырыста жануарларға қамқорлық жасау секілді өзекті мәселелер көтеріледі. Бұл туралы жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдерімен кездесуде әкімнің орынбасары Нұрлан Солтамбеков мәлімдеді. Ол еріктілерді кеңес қызметіне белсенділік танытып, бірінші отырысқа өз ұсыныстарын білдіруге шақырды.

"Алда қыс, аяз болады. Сондықтан жануарларға уақтылы көмек қажет. Қазіргі уақытта баспанада жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қысқы қоршаулар салынуда, сондай-ақ аумақтарды тазарту мәселесі шешілуде. Осы және басқа да өзекті мәселелерді қоғамдық кеңесте көтеру қажет. Бұл мемлекеттік органдардың да, жұртшылықтың да жануарлар құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысының одан әрі стратегиясын әзірлеуге көмектеседі", - деп атап өтті Н.Солтамбеков.

Айта кетейік, кеңес құрамына жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ветеринарлар кірді.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген "Жануарларға жауапты қатынас туралы" заңды қабылдау қорытындысы бойынша, заңды іске асыру үшін жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің пікірін ескере отырып, құқықтық актілер қабылданатын болады.