Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Батыс Қазақстанда бір адам коронавирусты қайта жұқтырды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында бір адамның коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстанда бір адам коронавирусты қайта жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, әйел адам індет басталған уақытта, сәуір айында ауырған. Содан кейін жазда, тамызда қайтадан осы сырқатқа шалдыққан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 4 жүкті әйелдің коронавирус індетін жұқтырғанын жазған болатынбыз.