Әлем • 05 Қараша, 2020

Індет жұқтырғандар саны күрт артты

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде соңғы бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді. Осы­лай­ша, бір аптаның ішінде қауіпті дертке шалдық­қан­дар 3 миллионға артып, 48 миллионға жетті. Бұл – індет басталғалы бері тіркелмеген көрсеткіш.

Індет жұқтырғандар саны күрт артты

Инфекцияға шалдыққандардың дені АҚШ, Үндістан және Франция елдерінде тіркелген. Мұхиттың арғы бетінде бір күнде 95 мың адам тіркеліп, жалпы саны 9,6 миллионнан асты. Үндістанда өткен тәулікте 46 мың адамның тест қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Францияда науқастар саны 1,5 миллионнан асты. Елдегі жағдай күннен-күнге ушығып барады. Әсіресе соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар күрт көбейген. Ауруханаларда төсек-орын жетіспеушілігіне байланысты ел билігі науқастардың бір бөлігін Германияға жібермек. Ал Испания билігі елдегі эпидемиялық жағдайға қарамастан локдаун енгізуге асығар емес. Бұл елде науқастар саны 1,3 миллионнан асқан.