Қазақстан • 05 Қараша, 2020

Жаңа туған 114 сәбидің ПТР-тест нәтижелері оң болып шықты

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн сайын жаңа туған нәрестелер мен КВИ бар балалардың хал-ахуалына мониторинг жүргізіледі. 3164 балада COVID-19 диагнозы расталды, бұл елдегі барлық КВИ жұқтырғандардың 3%-ын құрайды. 114 нәрестеде ПТР-тест нәтижесі оң болып шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жаңа туған 114 сәбидің ПТР-тест нәтижелері оң болып шықты

«COVID-19 диагнозы зертханалық расталмаған КВИ (-) 1810 бала тіркелді. Балалар арасында КВИ салдарынан болған өлім-жітім жоқ. Коронавирустық инфекцияның ағымы балалардың 85%-ында симптомсыз және жеңіл болды, орташа - 14,2% және 19 балада ауыр өтті. Барлығы стационарлы емделді. Бүгінгі таңда COVID-19 бар 340 бала бақылауға алынды, оның ішінде үшеуі - жаңа туған нәресте, 337-сі - 18 жасқа дейінгі балалар, ауруханаға жатқызылғандар – 55, 285 бала амбулаториялық ем қабылдауда», - деді спикер.

7 балада COVID-19 асқынуының белгісі ретінде вирустық пневмония, үш науқаста пневмония негізінен бактериялық сипаттағы пневмония анықталды.

Тағы 200 оқушы дәрігерлердің бақылауында, сондай-ақ балабақшалардың кезекші топтарынан 18 бала, интернаттан 21 бала бар. Оның ішінде 14 бала ШҚО девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатынан, СҚО Мамлют орта мектеп-интернатының 7 тәрбиеленушісі бар. COVID-19 жеңіл түрде өтуде.

Тамыз айынан бастап 42 балада COVID–19 (Кавасаки-ұқсас синдром) байланысты мультижүйелік қабыну синдромы тіркелді. Қазіргі уақытта мұндай диагнозы бар науқастар жоқ.