Қазақстан • 05 Қараша, 2020

ЕЭК былғары және аяқ киім өнеркәсібіне қолдау көрсетеді

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кеңесі былғары және аяқ киім өнеркәсібінде әрлеу материалдары ретінде қолданылатын бірқатар химиялық өнімдерге кедендік әкелу баждарының ставкаларын нөлге теңестіру туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz ұйымның баспасөз қызметі таратқан деректерге сілтеме жасап.

ЕЭК былғары және аяқ киім өнеркәсібіне қолдау көрсетеді

Тиісті бастаманы Ресей Федерациясы көтеріп, 0% мөлшеріндегі төлемдер үш жылға белгіленеді.  Бұған дейін, 22 қыркүйектегі отырыс барысында ЕЭК Алқасы былғары және аяқ киім өнеркәсібіне арналған былғары мен беттік активті заттарды әрлеуге арналған бояуларға, лактарға, дайын сулы пигменттерге баж ставкаларын төмендеткен. Бұл шара былғары, теріден жасалған бұйымдар мен аяқ киім өндірушілерді қолдауға бағытталған.

"Жеңіл өнеркәсіп ЕАЭО шеңберінде кооперативті ынтымақтастықты дамытудың басым бағыты екендігін ескере отырып, ұсынылып отырған шараның тиімділігі өндірістік қызмет жағдайларын жақсартуда, былғары және аяқ киім өнеркәсібін дамытуда, өндіріс көлемін ұлғайтуда және дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда көрінетін болады", деді ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепнев.

ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.