Оқиға • 06 Қараша, 2020

Өскемендік 12 қабаттың шатырынан секірмек болды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласының тұрғыны 12 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскемендік 12 қабаттың шатырынан секірмек болды

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 қараша күні сағат 14:30-да тәртіп сақшылары шектеу шараларына байланысты көшелерді патрульдеу кезінде 12 қабатты үйдің шатырында отырған адамды байқап қалған.

Полицейлер мұны бірден жедел басқару орталығына хабарлайды. Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Берік Жұмағазы дереу сол көпқабатты үйге қарай жүгірген.

"12 қабатқа көтерілген учаскелік инспектор шатырға шығатын есіктің сыртынан жабық тұрғанын байқайды. Есікті бұзып ашқан ол оқиға орнына келіп жеткен ТЖД маманымен бірге ер адамды суицид жасамауға көндіреді. Осылайша, түсіндіру жұмыстарынан кейін өмірдегі қиындықтарға байланысты өз-өзіне қол жұмсағысы келген азамат бұл ойынан бас тартты", деп хабарлады ведомство өкілдері.