Кәсіпқой бокс • 09 Қараша, 2020

GGG желтоқсанда жұдырықтасады

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин польшалық Камил Шереметамен желтоқсан айында жұдырықтасатын болды. Бұл туралы танымал инсайдер Майк Коппинджер мәлімдеді.

GGG желтоқсанда жұдырықтасады

Оның айтуынша, екі боксшының жекпе-жегі 18 немесе 19 желтоқсанда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған. Ал кездесуді DAZN тікелей эфирде көрсетпек. Сондай-ақ Коппинджер қазақстандық боксшы келесі жылдың көктемінде бұдан да маңызды жекпе-жек өткізетінін айтты.

«Геннадий Головкин 18 немесе 19 желтоқ­санда екі бірдей белдігін қорғайтын болады. Оның бұл жолғы қарсыласы – Камил Шеремета. Егер бұл айқаста Головкин атақтарын сәтті қорғаса, 2021 жыл­дың көктемінде титулды жек­пе-жек өткізеді», деп жазды Майк Коппинджер.

Айта кетейік, Головкин кәсіпқой шаршы алаңдағы ең кейінгі жекпе-жегін 2019 жылдың қазанында украиналық Сергей Дере­вянченкомен өткізіп, ұпай санымен басым түскен-ді. Дәл сол бокс кешінде өнер көрсеткен Шеремета мексикалық Оскар Кор­тесті нокаутпен жеңген болатын.