Аймақтар • 09 Қараша, 2020

Еліміздің үш өңіріндегі полигондар жарылмаған снарядтардан тазартылды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының саперлері оқу-жаттығу полигондарын жарылмаған снарядтар мен жарылғыш заттардан толық тазартуды қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің үш өңіріндегі полигондар жарылмаған снарядтардан тазартылды

Қолбасшылықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, полигондарды тазалауға инженерлік бөлімшелердің саперлері жұмылдырылды. Олар жеке қорғану құралдарымен, 0,6 метр тереңдіктегі жарылғыш заттарды табуға арналған заманауи мина детекторларымен, байланыс құралдарымен, сондай-ақ, жарылғыш заттарды тасымалдайтын арнайы көліктермен қамтамасыз етілді.

Іс-шара барысында Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарында орналасқан "Оймаша", "Бейнеу", "Есет батыр" және "Қаработан" полигондарының аумағынан 48 мың гектардан астам жер тазартылды.  

"Тазарту жұмыстарының басты мақсаты – жарылмаған оқ-дәрілерді жою. Себебі, мұндай оқ-дәрілері істен шыққан. Әскери жаттығу сабақтары үшін қауіпсіз жағдай жасау үшін қажет. Қауіпсіздік мақсатында барлық жарылғыш заттар детонация әдісімен табылған орнында жойылады", дейді әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы капитан Нұржан Сапарбеков.