Қоғам • 09 Қараша, 2020

Жылыту маусымынан бері тұрғын үй секторында 1 761 өрт болды

196 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ТЖМ  тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін төмендетуге бағытталаған профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министріліге сілтеме жасап.

Жылыту маусымынан бері тұрғын үй секторында 1 761 өрт болды

Ағымдағы жылғы 15 тамыздан бастап пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңі өткізілді (ағымдағы жылғы 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында), атап айтқанда халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін аралау. 20 қыркүйектен бастап халықты қайта аралау жүргізіледі, онда бұрын бұзушылықтар анықталды.

Жылыту маусымының басында (2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап) тұрғын үй секторында 1 761 өрт болды, соның нәтижесінде 47 адам қаза тапты, улы газбен улану (өрт туындамай) салдарынан 7 адам қаза тапты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уали хабарлады.

Өткен жылыту кезеңінің ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер санының 7,3%–ға  өскені, сондай–ақ өрт кезінде адамдардың қаза болуының 9,6%-ға төмендегені байқалады, өрт туындамай улы газбен улану салдарынан қаза болғандар 30%-ға төмендеді.

2020-2021 жж. жылыту кезеңінің басынан бастап өрт салдарынан 55 адам жарақат алды, өрт туындамай улы газбен улану себебінен 51 адам жарақат алды.

Өткен жылыту кезеңінің ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт кезінде жарақаттанғандардың 12,2%-ға және өрт туындамай улы газбен улану нәтижесінде жарақаттанғандардың 13,3%-ға өсуі байқалады.

Азаматтық қорғау органдарының бастамасы бойынша әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың тұрғын үйлеріне бару жұмыстары қолға алынды. Аралау жұмыстары барысында  қажетті әлеуметтік көмек айқындалады.

Мәселен, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 118 мың тұрғын үй есепке алынды. Бірінші кезеңде әлеуметтік осал топтағы тұрғын үйлерді 100% аралау қамтамасыз етілді. Оның барысында 334 мың азаматқа нұсқау берілді. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп құрылған комиссия 87 мың үйге барды.

45 мың үйде 83 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды, оның 33 мыңы сол жерде жойылды.

Қайта аралау барысында (100%) 118 мың үй қамтылды (132 үйге иелері  кіргізген жоқ, 604 үйде иелері болмаған). Оның барысында 101 мың үй өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбай пайдаланып жатқаны және 16 мың үйде бұзушылықтар бар екені анықталды. Бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдарына  берілді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа, алдын алу жұмыстарымен автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлер қамтылады. Бұл тұрғыда өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі ескерілді.

Мәселен, 759 мың үйге аралау жұмыстары жүргізілді (14 651 үйге иелері  кіргізген жоқ, 38 177 үйде иелері болмаған ). Оның барысында 1,5 млн. азаматқа нұсқау берілді. 214 мың үйде 323 мың бұзушылық анықталып, оның 138 мыңы оқиға орнында жойылды.

Бұзушылықтардың 90%-ы электр желілерін, электр жабдықтарын және автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты.

Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен (2020 жылғы 1 маусымнан бастап) улы газбен уланудан немесе жану өнімдерінен болған қайғылы жағдайлардың қаупін азайту мақсатында 13 мың датчик сатып алынды және орнатылды.

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде:

1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсырмаңыз;

2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдындағы төсемеге орналастырмаңыз;

3) қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз;

4) отынның бұл түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жақпаңыз;

5) пешті қыздырмаңыз, жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киімді, киімді, отынды) пештің үстінде және түтіндіктерде кептірмеңіз;

6) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (жапқыштарды) пайдаланбаңыз;

7) диаметрі 15 мм кем саңылауы бар жапқыштарды пайдалануға жол берілмейді;

8) желдету және газ каналдарын мұржалар ретінде пайдаланбаңыз;

9) ақаулары, жарықтары және саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржалары, мұржалары және басқа элементтері тікелей жылыту маусымы басталар алдында, сондай – ақ жылыту маусымы кезінде:

үш айда бір рет – жылыту пештері үшін,

екі айда бір рет-үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін күйеден тазартылуы тиіс.