Әлем • 31 Қазан, 2020

Самара қаласында екі бірдей онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Самара қаласында екі бірдей онлайн қазақ сыныбы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Самара қаласында екі бірдей онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады

Онлайн-сыныптың ашылуына “Отандастар қоры” КеАҚ Жобалар координаторы Дидар Болат, Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Тоқтарбай Дүйсенбаев, “Ақ жол” Самара аймақтық қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы” қоғамдық ұйымының призендеті Есмұханбет Нұржанов, басқарма мүшесі Ерболат Сағындықов, “Отандастар қоры” КеАҚ менеджері Алжан Шарипов және “Ақ жол” ұйымының белсенділері қатысты.

Жоба Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және Отандастар қорының қолдауымен жүзеге асырылды.