Президент • 10 Қараша, 2020

Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруымыз керек - Тоқаев

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерді Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруға шақырды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруымыз керек - Тоқаев

"Әлемдік турбуленттік үш жауыздықтың, атап айтқанда сепаратизм, терроризм мен экстремизм күштерінің бас көтеруіне әкеп соқты. Өршіп бара жатқан қауіптерге деген біздің ұйымның орынды жауабы – сепаратизм, терроризм мен экстремизмге қарсы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық бағдарламасын интернетте де белсенді түрде жүзеге асырудан көрініп тұр. Қоғамдық және экономикалық салалардың онлайн режимге өтуі – киберқауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын алға шығарады. Сол себепті біз жедел түрде ШЫҰ Аймақтық Терроризмге қарсы Құрылым аясында (ШЫҰ ТҚҚА) Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруымыз керек деп есептейміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция режимінде өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында.