"Ақтөбе стансасындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері "Орал-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызынан қоғамдық тәртіпті бұзған 42 және 36 жастағы екі ер адамды поезд бастығының актісімен түсіріп алды", деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.
Оның айтуынша, тексеру кезінде көлік полицейлері құқық бұзушылардың Әзербайжан мен Өзбекстан республикаларының азаматтары екендіктерін анықтады.
"Ер азаматтар түнгі уақытта масаң күйде болып, өздерін агрессивті ұстаған, тіпті, балағат сөздер айтып, қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтқан, осылайша азаматтардың тыныштығына кедергі келтірді", дейді өтініш беруші.
Жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434, 437, 440, 441-баптары бойынша, яғни, ұсақ бұзақылық үшін, тыныштықты бұзғаны үшін, алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені және белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін төрт әкімшілік хаттама толтырылды", деп түйіндеді сөзін Қ.Қобландин.
"Ақтөбе қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен шетелдік азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 және 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", деді полиция полковнигі.