Руханият • 10 Қараша, 2020

"Абайдың мұрасы − адамзат қазынасы" онлайн фестиваль аяқталды

397 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

7-10 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен əлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Абайдың мұрасы − адамзат қазынасы" атты әлеуметтік ролик пен қысқаметражды фильмдердің онлайн фестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Абайдың мұрасы − адамзат қазынасы" онлайн фестиваль аяқталды

Сонымен қатар фестиваль кезінде танымдық лекциялар мен танымал тұлғалармен сұхбат ұйымдастырылды. Жалпы төрт күннің ішінде фестивальді YouTube-те 10 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Фестиваль мақсаты − хакім айтып кеткен білім, оқу-ағарту, тәрбие, жаңа кәсіпті меңгеру, ынтымақтың өзекті екенін көрсету.

Философия ғылымының докторы, профессор, абайтанушы Ғарифолла Есімнің төрағалығымен ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, кинотанушы, киносыншы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университеті "Өнертану" кафедрасының профессоры, Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі Назира Рахманнан тұратын қазылар алқасы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған 45-тен астам бейнематериалды тамашалады.

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік атанғандар:

Əлеуметтік роликтер бойынша:

  1. Үздік режиссер жұмысы − Jurekte kairat bolmasa (Əнуар Шаймерденов);

2.Үздік музыкалық сүйемелдеу − Əнуар Шаймерденов;

  1. Абайдың "Адам бол" атты қара сөздері негізінде түсірілген үздік ролик − "Жүрек пен Жан" (Тимур Тукусбаев);
  2. Үздік ролик (әлеуметтік сюжет) − "Өзіңнен-өзің есеп ал";
  3. Қазылар алқасының арнайы сыйлығы − KOZIMNIN QARASI Abai Kunanbaev’s song (DAMU тобы);
  4. Қазылар алқасының арнайы сыйлығы − "Абай ұрпақтары" (Арай Жақыпова);
  5. Қазылар алқасының арнайы сыйлығы − "Абай жолының қысқаша мазмұны I том, I тарау "Қайтқанда" (Массагет тв командасы);
  6. Қазылар алқасының арнайы сыйлығы − "По дороге в Жидебай" (Валентина Райхель);
  7. Қазылар алқасының арнайы сыйлығы − Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техника университеті;

Ал қысқаметражды фильмдер бойынша:

  1. Үздік режиссер жұмысы − BABA фильмі (авторы Қалдыкөз Рақымжан);
  2. Үздік монтаж − "Қора" фильмі

Команда:

Продюссері − Жадыра Жұмакүлбай;

Монтаж режисері − Ермек Жармұхаметов;

  1. Үздік оператор жұмысы − WHEELS фильмі (авторы Нұрбол Ерболұлы);

Команда:

Қоюшы оператор − Дидар Аударбек

Сценарий авторы − Нұрбол Ерболұлы

Редакторы − Əлішер Жəдігеров;

Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы мен JOL Cinema Club

  1. Үздік сценарий − "Əке арманы" фильмі (автор: Мұхтар Ерубаев);

Команда:

Сценарий авторы − Бақтияр Байзаров

Режиссер − Мұхтар Ерубаев

Оператор − Мұрат Нұрбеков

  1. Үздік қоюшы-суретші жұмысы − MASQUIT фильмі

Автор: Нұрбол Ерболұлы

Команда:

Қоюшы режиссер жəне сценарий авторы − Нұрбол Ерболұлы;

Монтаж − Темірлан Сағымбаев;

  1. Абай нақылдарына үздік киноинтерпретация − "Қадірі кептес қара сөз" фильмі

Автор: Alma pictures

Бас продюссер: Алмагүл Тілеухан

Сценарий авторы: Руслан Әділгереев

Қоюшы-режиссер: Данияр Жиембаев

Қоюшы-суретші: Наиль Баспаев;