Фото: Видеодан алынған кадр
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шыққанын анықтады. Қалың түтін салдарынан жоғарғы қабаттағы балалар сыртқа шыға алмай қалған.
«Барлау жұмыстары кезінде ТЖМ қызметкерлері екінші қабаттағы пәтерден екі баланы баспалдақ арқылы жедел құтқарды», деп хабарлады ведомство.
Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында тілсіз жау қысқа уақытта толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.