Қоғам • 11 Қараша, 2020

Бақыт Сұлтанов: Қауіпті өнімді жедел анықтайтын институт енгізілуде

190 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде сертификатталмаған өнімді толық бақылауға алу мүмкіндігі жасалады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Техникалық реттеу туралы" заңының жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бақыт Сұлтанов: Қауіпті өнімді жедел анықтайтын институт енгізілуде

"Заң жобасының негізгі ережелерін қысқаша атап өтуге рұқсат етіңіздер. Біріншіден, ішкі нарықты "тазарту" ескерілген. Бұл мәселедегі заңнамалық жаңалығы – субъектілердің бақылауынан объектілердің бақылауына көшу. Яғни өндіруші немесе сатушы емес, өнімнің өзі тексерілетін болады. Ол үшін зертханаларда сынақ жүргізу үшін адам өміріне қауіпті өнім үлгілерін сатып алу рәсімдері енгізіледі. Сынақ нәтижелерімен дәлелденген қауіпті өнімді ңарықтың айналымынан жедел түрде шығарып алу мақсатында нарықты қадағалау институты енгізілуде. Бұл жаппай бақылауды білдірмейді. Объектілер ақпараттық базада "онлайн" режімде қадағаланатын болады, ал тексерулер тек "анықтау – сынау – нарықтан алу" схемасы бойынша жүзеге асырылады", деді министр.

Екіншіден, сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіру, сертификаттау және аккредиттеу процестерін цифрландыру қаралған.

"Ол үшін электрондық сертификаттарға көшу, кейіннен Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процестерімен интеграциялау қарастырылған. Сәйкестікті бағалауға өндіруші, өндірушінің уәкілетті тұлғасы, импорттаушы, сатушы деген өтініш беруішілердің нақты тізімі бекітіледі. Сертификат "иесінің" және "пайдаланушысының" құқығы туралы мағынасы енгізіледі. Сынақ процесінің фото-бейне тіркеу механизмі көзделеді және сынақ базасының болуына қойылатын талаптар белгіленеді. Аталған шараларды қабылдау нәтижесінде сертификаттау кезінде сынақ нәтижелерінің дұрыстығын 100 пайызға дейін жеткізу күтілуде және сертификатталмаған өнімді толық бақылауға алу мүмкіндік беріледі", деді Б.Сұлтанов.