Руханият • 11 Қараша, 2020

"Абай" және "әл-Фараби" сериалдары қашан шығады?

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Абай", "әл-Фараби" сериалдары Тәуелсіздік күнінде ұлттық арна эфиріне шығады. Бұл туралы "Astana Media Week 2020" барысында "QAZAQSTAN" РТРК" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Абай" және "әл-Фараби" сериалдары қашан шығады?

"Пандемия отандық телесериалдар өндірісіне кедергі болғанымен, өндіріс толықтай тоқтап қалған жоқ. Биыл біз 13 сериал түсіріп жатырмыз. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған "Абай" сериалының, Әл-Фарабидің мерейтойына арналған "Әл-Фараби" сериалдарының түсірілім жұмыстары сәл кешеуілдеді. Десе де аяқтап үлгердік. Осы тұста хабарлап өткім келеді, екі тарихи туынды да эфирге желтоқсанда, Тәуелсіздік мерекесінде шығады", - деді Ләззат Танысбай. 

Сондай-ақ, ол осы маусымда роман желісі бойынша түсірілген "Махаббат, қызық мол жылдар", Тәуелсіздікке арналған 100 бөлімді "Замандастар" телехикаясы эфирге шығатынын айтты.