Экономика • 12 Қараша, 2020

Бюджеттің бүйірін бұлтитқандар елдегі ең ірі 50 салық төлеуші анықталды

474 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

FinReview.info сарапшылары мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін мұқият зерттеп, Қазақстандағы ірі 50 салық төлеушіні анықтады. 50 компания 2020 жылдың он айында ел қазынасына 2,9 трлн теңге аударған. Бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдер жиынтығының 50 пайызына тең.

Бюджеттің бүйірін бұлтитқандар елдегі ең ірі 50 салық төлеуші анықталды

Бірден айту керек, биыл Қазақстандағы салық­тық түсімдер айтарлықтай кеміді. FinReview.info сарапшылары оның 10,3 пайызға азайғанын хабар­лады. Бұлай болуы заңды. Өйткені биыл пандемияға байланысты елімізде бірнеше рет салықтық режімді жеңілдету шаралары қабылданды. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырды. Мәселен, 1 қазаннан бастап шағын және орта бизнес субъектілері еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлемдер аударудан босатылды.

Десе де, мұндай қадамдар елдегі іскерлік белсен­ділікті төмендетті әрі салықтық түсімдерді қысқарт­ты. 2020 жылдың тоғыз айында мемлекеттік бюд­жетке 5,8 трлн теңге салықтық түсім түскен. Көрсет­кіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 664 млрд теңгеге немесе 10,3 пайызға кем.

Әдеттегідей, бюджетке түскен негізгі соманы мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысатын кәсіп­орындар аударған. FinReview.info рейтингіндегі 50 орынның 19-ы осы салада жұмыс істейтін компанияларға бұйырған. Мұнай-газ секторы тоғыз айда салықтық төлемдердің 61 пайызын қамтамасыз еткен. Бұл дегеніміз – 1,8 трлн теңге. Атап өтерлігі, өткен жылмен салыстырғанда аталған сектордың биылғы көрсеткіші 49 пайызға төмендеген. Мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр.

Мұнай-газ секторынан кейінгі орында метал­лургия тұр. Бұл саланың жалпы салықтық түсімдер жиынтығындағы үлесі 318,8 млрд теңге немесе 10,8 пайыз. Одан кейінгі орынға темекі өндіру саласы орналасқан. Бұл салада үш ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Олар тоғыз айдың ішінде 221,9 млрд теңге салық төлеген. Төрттікті кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу компаниялары түйіндеген. Олар бюджетке 139,7 млрд теңге аударған. Сондай-ақ рейтингке мұнай өңдеу, телекоммуникация, банк секторы, логистика, спирттік сусындар өндірісі, инженерия секілді салалар енген.

Салықты көп төлейтін компаниялардың үштігіне «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еніп отыр.

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТОП-50 САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ

 

Компания

Салықтық түсімдердің

көлемі

2020 жыл

(қаңтар-қыркүйек)

2019 жыл

1. «Теңізшевройл» ЖШС

782 568 683 908

1 939 713 254 375

2. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.»

318 534 908 668

627 293 673 261

3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

96 592 458 882

367 951 149 857

4. «Қазцинк» ЖШС

96 348 429 163

143 019 326 098

5. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС

91 443 218 980

95 146 150 987

6. «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС

88 301 710 998

102 482 838 652

7. «Ембімұнайгаз» АҚ

84 338 948 750

194 867 653 774

8. «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ

83 731 372 912

162 112 675 557

9. «Өзенмұнайгаз» АҚ

76 718 295 402

188 340 845 129

10. «Қазгермұнай» БК» ЖШС

65 072 783 511

124 231 435 545

11. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.»

50 805 411 925

88 197 508 644

12. «Altyntau Kokshetau» АҚ

49 273 704 905

59 026 700 273

13. «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС

48 776 773 532

54 322 702 458

14. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС

48 356 037 531

47 838 602 515

15. «Қазақстан Халық жинақ Банкі» АҚ

45 581 114 048

45 581 114 048

16. «Қазхром» ТҰК» АҚ

44 945 448 460

44 945 448 460

17. «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС

44 289 638 713

66 915 300 111

18. «Бритиш Американ Тобакко Казақстан Трейдинг» ЖШС

42 125 868 906

41 303 868 614

19. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС

41 830 696 636

75 449 099 866

20. АрселорМиттал Теміртау

37 624 023 100

72 157 029 990

21. Павлодар мұнай-химия зауыты

37 291 282 619

25 671 372 450

22. «ССКӨБ» АҚ

37 179 502 170

67 196 968 095

23. «Қаражанбасмұнай» АҚ

36 562 900 614

115 283 469 081

24. «Kaspi Bank» АҚ

33 946 048 519

39 465 318 411

25. Каспий құбыр консорциумы

33 763 455 687

35 949 290 143

26. «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ

33 364 474 289

92 082 383 335

27. Атырау мұнай өңдеу зауыты

32 283 831 776

36 697 365 211

28. «Каспий Мұнай» АҚ

31 187 238 466

67 097 050 176

29. «ВостокЦветМет» ЖШС

28 187 977 817

30 403 267 530

30. КаР-Тел

28 048 626 354

37 055 949 290

31. «Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. – Offshore»

27 955 791 205

33 221 111 373

32. «ҚазТрансОйл» АҚ

27 873 915 953

39 229 731 627

33. Аджип Қарашығанақ Б.В.

26 494 534 336

74 226 647 559

34. «Мобайл Телеком – Сервис» ЖШС

24 369 092 806

34 890 708 776

35. «Болашақ-Атырау» ЖШС

23 775 450 632

35 453 408 130

36. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

23 003 462 557

15 872 237 261

37. «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС

19 128 344 849

21 272 965 174

38. «Қазақтелеком» АҚ

18 326 149 468

33 665 907 151

39. CNPC Интернешионал (Бузачи) Б.В.

18 194 461 593

42 100 337 426

40. «Матен Петролеум» АҚ

18 074 343 098

51 987 269 966

41. ЛУКОЙЛ Оверсиз Қарашығанақ Б.В.

17 663 621 795

40 380 725 838

42. Нельсон Петролеум Бузачи Б.В.

17 231 104 148

43 926 090 555

43. Шлюмберже Лоджелко ИНК

15 746 238 516

15 746 238 516

44. «КСЕЛЛ» АҚ

15 599 458 910

21 284 053 963

45. «Интергаз Орталық Азия» АҚ

15 483 599 915

20 535 775 928

46. Шеврон Интернэшнл Петролеум Компани

15 081 548 163

54 100 439 101

47. «Инкай» БК» ЖШС

14 333 981 906

19 764 414 999

48. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ

13 390 134 213

44 934 099 052

49. Би Джи Қарашығанақ Лимитед

12 028 112 350

78 096 137 306

50. «ҚазСтройСервис МГҚК» АҚ

11 916 577 997

36 109 645 175

БАРЛЫҒЫ:

2 944 744 791 651

5 844 596 756 812

FinReview.info деректері бойынша