Оқиға • 12 Қараша, 2020

Музыкалық дыбыс жолақтары (Нұр-Сұлтан-Щучье бағытындағы күре жолға музыкалық дыбыс жолақтары орнатылды)

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік қозғалысының қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақса­тында «ҚазАвтожол» ұлттық ком­паниясы Германия, Корея, АҚШ, Жапония сынды елдердің тәжірибесіне сүйеніп, Нұр-Сұл­тан-Щучье ақылы жол учас­ке­сінде «Музыкалық жолақтар» қа­натқақты жобасын іске қосты.

Музыкалық дыбыс жолақтары (Нұр-Сұлтан-Щучье бағытындағы күре жолға музыкалық дыбыс жолақтары орнатылды)

Осы арқылы жоба авторлары қауіп жоғары жол бөліктерінде жыл­дамдықты төмендетуге, сон­дай-ақ көлік апатының көрсет­кішін азайтуды көздеп отыр.

Пластиктен жасалған жаңа үлгідегі дыбыс жолақтарында автокөлік дөңгелектерінің бел­гілі жылдамдықтағы үйкелісі нә­тижесінде әуен естіледі. Бұл тех­нология елімізде алғаш рет қол­данылып отыр.  Жүргізілген тәжірибе нәти­же­сінде, автокө­лік сағатына 90 шақырым жыл­дам­дықпен жүр­генде дыбыс жолақ­тарының үні өзгеріп, жүргізуші­нің көңі­лін аударып қана қой­май, жыл­дамдықты азайтуға ықпал етеді. «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы келер жылы «Музыка­лық жолақтарды» Қазақстан­ның басқа аймақтарында да орнату­ды жоспарлауда.

Дыбыс жолақтары – бедер­лі жолақ түріндегі арнайы жол белгілері. Ол жол-көлік оқиға­сы­ның, жылдамдықты асыру фак­тілерінің, көлік жүргізу барысында ұйықтап кетудің алдын алу үшін қолданылады. Автокөлік бел­гіден өткен кезде тербеліс пайда болып, жүргізушінің назарын жолға аударады.