Адамзат тарихындағы ең алғашқы прозалық шығармалар туралы ойлана бастағанда ең алдымен еске Геродот түседі. «Тарихтың атасы» атанған осы бір данышпан адам шын мәнінде «грек прозаның да атасы» атануға әбден құқы бар сияқты. Өмірі саяхатпен өткен Геродоттың ең атақты еңбегі «Тарих» бірқатар елдер туралы мәліметтерге бай. Ол Египетте болған. Вавилонды шарлаған. Ұлы далаға келіп, сақтардың тұрмыс-тіршілігін де көзімен көрген. «Тарихтың» жекелеген сюжеттері грек-парсы шайқастарына арналғанымен, тарихшы көбіне өзі барған елдердің географиясы, мәдениеті, этнографиясы мен тұрмысын бейнелеген. Ол көзімен көргенін де, елден естігенін де жазған.

Сондықтан бұл еңбектің ғылыми да, прозалық та сипаты бар. Біздің заманымыздан бұрынғы 484-425 жылдар шамасында өмір сүрген грек тарихшысының осы еңбегінде неге прозалық сипат бар дейміз? Біріншіден, оның шын мәніндегі тарихи еңбек екеніне бергі заманның көптеген тарихшылары күдіктенеді. Абыздар туралы оқиғасы мен деректері жоқ жазбаларына, қолтырауын, «өзен жылқысы», феликс құс туралы ойдан шығарғанға ұқсайтын әңгімелеріне қарап, тіпті Геродоттың Египетке барғанына да күдікпен қарайтындар жетерлік. Сондай-ақ Үндістанда тіршілік ететін алып құмырсқалар туралы жазбасы да шындыққа жанаспайды. Расында алтын құмдарды алтын тонаушылардан қорғап тұратын ондай алып құмырсқалар жоқ. Ешқашан болмаған. Былайша айтқанда аңыз. Осыдан келіп Кеңес кезеңінің ірі тарихшы ғалымы С.Я.Лурье Геродотты «ертегілік сипаттағы жазбалары мен өмірде болған, көзімен көрген оқиғаларының шекарасы қосылып кеткен. Алдыңғысы соңғысына көлеңке түсіріп тұр» деп бағалайды. Тарихшы Плутарх «Геродоттың жалғандығы» дейтін трактатында «Геродот шындықты ойлап тапты» дегенді айтады. Дегенмен, ол «тарихтың атасы» дейтін құрметке ие болды. Бұл атақты оған Римнің атақты шешені Цицерон берген. Геродоттың қара сөзбен жазылған «Тарих» шығармасы мың жылдан бері қаншама ақын-жазушыларға шабыт берді. Көңіл көкжиегін байытты. Қайсыбір елдер туралы таным-түсінігін кеңейтті. Тарихқа басқаша көзбен қарауға да болатынын үйретті.
Уайым-қайғысыз жұмақ өмірдің нышандары көзге мың бұралып билейтін сұлу қыздардың бейнесінде елестейтіні несі екен? Көзі жұмулы, көңілі мас әміршілер, желпуіш ұстаған құлдар, сыбызғының сиқырлы үні мен сымбатты бикештердің қимыл-қозғалысы үндестік тауып, «пейіш бағына» саяхат жасағандай боламыз ба? Негізі бұл бейнелерді біз «Синдбадтың жеті сапары», «Аладдиннің сиқырлы шамы» дейтін көркем фильмдерден көргенбіз. Ол фильмдердің негізгі ерекшелігі – көркемдігінде. Шығыс мәдениетіне тән экзотикалық ерекшеліктердің көзге ұрып тұрғанында. Сол фильмдер елу жылдан кейін де, жүз жылдан кейін де көрерменге ерекше әсер ететініне сенімдіміз. Өйткені экзотика дегеніміз таңданыс тудыруға лайықты көркемдік. Бұл көркем фильмдердің түп негізі қайда десеңіз, «Мың бір түнді» қолға алыңыз. Мың бір хикаяны баяндап беретін Шахеризада сұлу өз өмірін сақтап қалуды ғана мақсат етеді. Әйелдер қауымын жазықсыз болса да жазалауға құмар болып тұратын Шахрия патшаның көзі уәзірдің қызына да түскенде, сұлу қыз Аладдиннің сиқырлы шамы, Синдбадтың жеті сапары, Бағдаттың қулары сынды сюжеті тартымды әңгімелерді айтып, патшаны райынан қайтармаққа талпыныс жасайды. Бұл өмірде әділдік пен ізгіліктің салтанат құруы тиіс екенін жеткізеді. Бұл шығарма араб халқының ең ежелгі прозалық шығармаларының қатарында аталады. Жалпы, «Мың бір түн» жайлы пікір көп. Көптеген зерттеушілер «Мың бір түн» тек араб халқына тиесілі емес. Онда парсы халықтарының да, үнді халықтарының да мәдениеті көрініс тапқан дегенді айтады. Ал ғалымдардың бір тобы бұл прозалық шығарма тек арабтарға тиесілі дегенді айтады. Олар оқиғалардың барлығының араб жерлерінде өткенін, шығарманың араб тілінде жазылғанын алға тартады. Бұл шығарманың бір ерекшелігі, орта ғасырларға тән туынды болса да, нақты бір авторы жоқ. «Мың бір түн» атауымен бізге жеткен бұл жинаққа үш жүздей аңыз-әңгімелер мен новеллалар, ертегілер топтастырылған екен.
Ал түркі мәдениетіндегі проза жанрының бастауында «Қисса сүл әнбие» шығармасының тұрғаны анық деп ойлаймыз. Насыреддин ибн Бурханидин Рабғузи осы шығармасын 1310 жылы жазған. Бұл пайғамбарлар мен сахабалар жайындағы қиссалар мен аңыздар жинағы. Шығарманың бірнеше нұсқасы бар. Соның ішіндегі ең ескі көшірмесі Лондондағы «Британия» мұражайының кітапханасында сақтаулы. Ғалымдар бұл көне қолжазбаның XV ғасырда көшірілгенін растайды.
Пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер жайлы ғибратты, терең мәні бар оқиғалар қиссалар деп аталады. Құранда қиссалар мен ғибраттық аяттар екі мыңдай. Түрік ғалымдары Құран аяттарының үштен бірі, кейбір зерттеулер бойынша үштен екісі қиссалар екенін айтады. Пайғамбардан кейінгі сахабалар дәуірінде Құран аяттарының үштен екісі қиссалар деп есептелген.
Қазақ фольклорын айрықша ізденіспен зерттеген, қазақ тілін жақсы білген ғалым В.Радлов кезінде былай жазыпты: «Маған қазақтар арасында исламды орнықтыруға бір «Жұмжұманың» әсері даланы кезіп жүрген жүздеген молдадан артық тәрізді». Сонау Адам Ата мен Хауа Анадан басталатын, адамзат тарихындағы ең танымал пайғамбарлар түгел қамтылатын, түп-тамыры «Қисса сүл әнбиеге» тірелетін қиссаларды біздің аталарымыз Кеңес өкіметі орнағанға дейін айтып жүрді. Жеті жүз жылдай ең ірі құндылықтардың қатарында түркі халықтарының санасына сіңірілді. Түркі прозасының бастауында тұрған қиссаларды ақын-жазушылар поэзияға аударып, жазып шыққан деректер де баршылық.
«Қисса сүл әнбиенің» негізгі мазмұны Құран мен Інжілден алынғаны шындық. Шығармада қандай аяттар қай пайғамбардың кезінде түскені жазылған. Пайғамбарлар заманындағы адамдардың сана-сезімін, наным-сенімін, тұрмыстарын, қиыншылықтары мен қуаныштарын, басқа да түрлі оқиғаларды Рабғузи түсінікті етіп баяндаған.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Бүгін, 12:05
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 09:53
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда 33 жыл бойы өзгермей тұрған рекорд жаңарды
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар