Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Жамбылда жалған діннің жетегінде кеткен 135 адам қоғамға бейімделген

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облыстық дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізіп, түрлі мәселелер төңірегінде ақпарат берді, - деп жазады Egemen.kz

Жамбылда жалған діннің жетегінде кеткен 135 адам қоғамға бейімделген

Өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, діни ахуал туралы баяндады. Жамбыл облысында жалған діннің жетегінде кеткен 135 азамат қоғамға қайта бейімделген. Сонымен қатар, ол облыс бойынша дін саласының 10 айдағы негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.

Басқарма басшысы ағымдағы жылы жаңа салынған 4 мешіттің тіркеуден өткенін, сонымен қатар, облыс аумағында тағы 13 мешіттің құрылысының жүргізіліп жатқанын жеткізді. Алайда, өңірдегі жалпы 312 мешіттің ішіндегі 22 мешітте ресми бекітілген имамдар жоқ екен. Негізінен өңірде арнайы бұйрықпен 400 діни қызметкер еңбек етеді. Оның 304-і имам-молда болса, 37-сі наиб-имам, 31-і азаншы және 28-і ұстаздар. Мешіттерде 98 жоғары білімді имам, орта білімді 59 және сауат ашу курстарын бітірген 243 діни қызметкер бар. «Облыстағы мешіттердің жалпы сыйымдылығы 54090 адамға шақталған. Христиан бағытындағы шіркеулерге келушілер саны 3800 адам шамасында. Мешіттерге күнделікті келушілер саны 6 мың адам болса, шіркеулерге келушілер 800-ді құрады», дейді Жангелді Омаров.

Жалпы, Жамбыл облысында мемлекеттік тіркеуден өткен 358 діни бірлестік бар екен. Оның 312-сі мешіт болса, 46 нысан христиандық бағыттағы шіркеу деп танылған.

 

Жамбыл облысы