Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Қостанай облысына тағы 8 блокбекет қойылды

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте жергілікті полиция қызметі 6 ауданда санитарлық блокбекет жұмыс істей бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысына тағы 8 блокбекет қойылды

Бертінге дейін Қостанай облысында 12 санитарлық бекет орнатылғанын хабарлаған едік. Қазір оның саны 20-ға дейін артып отыр.

"Бүгін сағат 00:00-ден бастап облыста қосымша 8 бекет қойылды. Олардың 5-еуі Арқалық қаласын және Қарасу, Сарыкөл, Қамысты және Ұзынкөл аудандарында болса, 3-еуі – Рудный қаласында. Бекеттердегі жұмысты қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған полицейлер мен медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бекеттегі қызметті тәулігіне 12 сағаттан ауысыммен атқарады. Бекеттерді қоюдағы негізгі міндет – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін халықпен алдын-алу жұмыстарын жүргізу. Медицина қызметкерлері дене температурасын өлшей отырып, жүргізушілер мен жолаушыларды визуалды профилактикалық тексеруден өткізеді", дейді ПД бастығы Құрмет Мәжікенов.

Полиция қызметкерлері санитарлық бекет арқылы өтетін көлікті тексеріп, есепке алады, сондай-ақ облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген шектеу шараларының сақталуын жіті қадағалайды.