Оқиға • 12 Қараша, 2020

Антикор Айбатыр Жұмағұловқа қатысты мәлімдеме жасады

1260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Antikor онлайн-брифингінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Медициналық сақтандыру қорының қызметін тексеру барысындағы бірқатар сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Антикор Айбатыр Жұмағұловқа қатысты мәлімдеме жасады

Брифинг барысында Олжас Бектеновтен медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұловқа қатысты тергеу ісінің мән-жайы сұралды.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі бойынша бізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі. Бұл тексеру емес, бизнес-процестерді талдау. Қылмыстық-құқықтық аспектіге сәйкес Қордың бұрынғы басшысына қатысты бүгінгі күні еш шағым жоқ. Талдау қорытындылары бойынша МӘСҚ жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ұсынымдар дайындалады", деді Олжас Бектенов.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында қазақстандықтар Айбатыр Жұмағұловтың жұбайы жариялаған пікірге қатысты желіде наразылықтар туындап, соңы дауға айналды. Аталған жайттан кейін Мемлекет басшысы қордың бұрынғы басшысын орнынан түсіруді бұйырды. Дәл сол айда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Қордың қаражатын ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын мәлімдеді.