Экономика • 15 Қараша, 2020

Бүгін Ұлттық валюта күні

2371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кез келген егемен елдің рәмізі болатыны секілді өз валютасының болуы да заңды, деп жазады Egemen.kz

Бүгін Ұлттық валюта күні

Өйткені ұлттық валютаны жариялап, оны айналымға түсіру тәуелсіздіктің басты қадамдарының бірі еді. Ал, теңгенің айналымға түсуі егеменді Қазақстанның қаржылай да тәуелсіз екенін тағы бір жария етуі болатын.

Бүгінде ақша бірліктері мемлекеттің дамуының маңызды рөлін атқарады. Оларсыз мемлекетаралық қатынастарды орнықтыру мүмкін емес, мемлекет ішіндегі қаржы операцияларының бірін де орындай алмайды.  

Қазақстанның теңгесі 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. Ал, 1997 жылы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев алғаш теңгенің айналымға түскен күнін "Ұлттық валюта күні" деп жариялады өз Жарлығында. 

Елдің егемендігін жаңа жар салған аумалы-төкпелі уақытта төл теңгемізді дүниеге әкелу тәуекелді қадам болатын. Мемлекеттегі экономикалық қиындыққа қарамастан, қазақ ұлтының тұңғыш валютасы жарық көрді, тәуелсіз елдің айналымына түсті.