Тарих • 15 Қараша, 2020

Теңге туралы қызықты фактілер

3978 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Теңге 1993 жылдың көктемінде дайын болған екен. Бірақ соған қарамастан Қазақстан қыркүйекте Ресей рублінің аймағында қалу жөнінде келісім жасасуға ұмтылды, деп жазады  Egemen.kz

Теңге туралы қызықты фактілер

Бірақ көп ұзамай теңге айналымға шықты. Теңге тарихына қатысты қаржыгер Ғалым Байназаров Алатаудың баурайындағы үкіметтік саяжайлардың бірін жалға  алғанын,  дизайнер Тимур Сүлейменов бастаған 7-8 адамды 2 айға кіргізіп: "Сендер осы жерден ешқайда шықпайсыздар, ұзақ іссапардамыз деп отбасыларыңызға айтыңыздар", деп айтады.

Сол жерде отырып 2 айдың ішінде олар теңгенің 4 нұсқасын жасады. Біріншісі – ою-өрнек, екіншісі – АҚШ доллары тәріздес, жасылдау болып келген, үшіншісі – портреттер, төртіншісі –заманауи шыққан.

– Бір күні Олжас Сүлейменов банкке келіп "қарап жүрмегендеріңізді, бірдеңе ойластырып жатқандарыңызды білемін. Ұлттық валютаға сұранып тұрған "теңге" атауы ғой" десін. Онсыз да осындай ұйғарымға жақын біздерге ол кісінің айтқаны тіптен жылы тиді.  Президент "теңге" деген ұсынысты дұрыс көрді, – дейді Ғалым Байназаров.

Теңгенің алғашқы партиясы шетелде, Англияда басылды. Құндылығы 1-ден 100 теңгеге дейінгі қағаз ноталардың бірінші партиясын 1997 жылы қызметі тоқтатылған британдық "Харрисон және ұлдары" компаниясы басып шығарды. Жаңа ақшаны Қазақстанға жеткізу үшін 4 ИЛ-76 ұшағы қажет болды, олар Оралдан Лондонға 18 рейс жасады және өте құпия жағдайда кері қайтты. Теңгені елге алып келген делегация құрамында болған дизайнер, марқұм Тимур Сүлейменов осыдан бірер жыл бұрын бізге тең-тең болып тиелген Теңгеміздің елге алғашқы сапары кезіндегі көріністі видео-камераға түсіріп алғанын, оның күні бүгінге дейін еш жерде жарияланбағанын айтқан болатын. Теңге тарихына қызығушылық танытып жүрген тарихшылар болса, ол деректер Тимур ағаның ұрпақтарының қолында болуы әбден мүмкін.  

Ғалым Байназаровтың түсіндіруінше, ағылшынша білетін 2 командир тауып, ұшақтың орындықтарын жатқызып, контейнерлер салып, қару-жарағы бар инкассаторларды отырғызып, Тараз қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында екі қоймамызға теңге тасылды. Жаздың ортасында (1993 жылғы 26 шілде) Ресей өз валютасын енгізді, бұрынғы КСРО шекпенінен шыққан елдер ішінде Қазақстан мен Тәжікстан, Армения ғана бұрынғы ақшамен қалдық. Қыркүйектің 26-сында Ресей 1961-63 жылдары шығарылған кеңестік валюта ақша болып есептелмейтіні жөнінде мәлімдеме жасады.

Содан Мемлекеттік комиссия құрылып, 17 күндей жұмыс істеп, теңгені айналымға қосу жөнінде негізгі үш құжат дайындалды.  Ақшаны құпия түрде барлық аудандарға, бар­лық банктерге жет­кізу жұмысы сегіз күннің ішінде ат­қа­рылып шықты. 1993 жы­лы 1 қарашада Ұлттық банктің облыстардағы филиалдарына "Х" күні ашылады деген құпия кон­верттер жетті... Сөйтіп, 15, 16, 17 қараша күндері бұрынғы сом да, теңге де айналымда қатар жүріп, 18 қарашадан тек теңге жүретін болды.

Теңгенің инфляция деңгейі енгізілгеннен кейінгі екінші жылы 1158,3% құрады. 1995 жылы бұл көрсеткіш 60,3% -ға дейін төмендеді, ал инфляцияның соңғы жылдардағы ең төмен деңгейі 1998 жылы тіркелді – 1,9%. Өткен жылдың көрсеткіші (2019) 5,4% құрайды. азақстанның ұлттық валютасы өмір сүрген барлық уақытта теңгенің төрт сериясы енгізілді. Бірінші буын "Портреттік серия" деп аталды – суретшілер қазақстандықтарға белгілі тарихи тұлғалардың бет-бейнесін пайдалануды шешті. Осылайша алғашқы теңгенің алдыңғы жағында әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан Уәлиханов, Абай, Әбілқайыр хан және Абылай хан пайда болды. Екінші серия "Әл-Фараби" деп аталды. Ұлттық валютаның "Бәйтерек" деп аталатын үшінші буыны 2006 жылы шығарылды. Қазір біздің қолымызда ұлттық валютаның төртінші толқыны айналымда жүр.

Самұрық сериясына 2011 жылы алғаш шыққан 500, 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттар енген. Олардың алдыңғы жағында "Қазақ елі" монументі және ұшатын көгершіндер бар.

Самұрық сериясына 2011 жылы алғаш шыққан 500, 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттар енген. Олардың алдыңғы жағында "Қазақ елі" монументі және ұшатын көгершіндер бар.