Қарағанды облысы, Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлыдан 15 шақырым жердегі Қатпар тауының етегінде атақты ақын Шортанбай Қанайұлының мекен еткен жұрты жатыр.

Бұл тұлғаның қазақ тарихындағы орны зор. Тіпті ақынның отты жырларын академик В.Радловтың өзі бағалап, оның жарық көруіне жол ашқан екен. Одан кейін бұлғақ заман бұлдырап тұрған тұста Шортекең жырлары Қазан қаласынан жарық көрген. Мұхтар Әуезов Шортанбайға қазақ әдебиетіндегі «Зар заман» деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі деп баға берген. Ақынның бүкіл саналы өмірі ел ертеңі үшін бұлқынумен өткен. Әсіресе туған халқының отаршылдық езгідегі ауыр халін, оның болашағының күмәнді мән-жайын жырға қосқан. Яғни өзі куә болып отырған заманның мерезін өзгелерден бұрын сезініп, соны аяусыз әшкерелеуге аянбай атсалысты.
Ақын белгілі бір ортаның емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ол өзінің «Зар заман», «Бала зары», «Тар заман», «Опасыз жалған», т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы «Келер заман сипаты» атты шығармасы. Онда халықтың болашағын болжай білген ақын елі үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді.
Екі жыл бұрын замана запыранын ақтарып, шер толғауын төккен ақын-жырау атамыздың 200 жылдық мерейтойы қарсаңында жергілікті жанашыр ағайындардың ұйтқы болуымен ескі жұртқа белгітас қойылып, оған «Шортанбай жыраудың үйінің орны» деген мәтінсөз қашалыпты.
Өлкетанушы, шежіре-жазушы Кәмел Жүністегінің айтуы бойынша, бұл жұрт ақынға нағашы атасы Нақып қожадан мұра боп қалған дейді.
«Көне қонысқа Жалпақсаздың сулы қойнауын қуалап, Қатпар таудың тарғыл тасты бөктерін жанай өтіп, дала жолымен баруға болады. Ақынның байырғы мекені жалдың үстінде тұр. Қазіргі жағдайы қоянжон үйіндіге айналған. Бажайлап қарасаңыз, томпайған топырақ жиегінен бірнеше бөлікке бөлініп, бірін-бірі қуалай орналасқан қоржын тамның сұлбасын анық байқайсыз» дейді ақынның мұрасын жинақтаушы Айгүл Уәйсова қарындасымыз.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жер нулы-сулы, малға пана жайлы қоныс. Қатпар таудың жықпыл-жықпылына қасқыр ұялайды. Ертерек те, шамамен тоқсаныншы жылдары жазушы Кәмел Жүністегі дәл осы маңда аң қуалап жүріп, таудың етегін жайлап отырған Тиышбай деген шопанның шаңырағына келіп түстенбей ме. Сөзден сөз шығып, үй иесі айтады: «Анау тұрған биік жал Шортанбай атаң жұрты. Тіпті елуінші жылдарға дейін, там үйінің қабырғалары құламай бүтін күйінде тұрды». Шортекең жұрты осылай табылыпты.
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Кеше
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Кеше
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Кеше
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Кеше
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Кеше
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Кеше
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Кеше
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Кеше
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Кеше
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Кеше
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Кеше
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Кеше
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Кеше
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Кеше
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Кеше
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Кеше
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Кеше
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Кеше
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Кеше
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Кеше
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Кеше
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Кеше
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Кеше
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Кеше
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Кеше
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Кеше
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Кеше
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Кеше
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Кеше
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Кеше
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Кеше
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Кеше
Ауа райы • Кеше
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар