Әлем • 16 Қараша, 2020

COVID-19: Тар қауызға сыйдырған тозаң әлегі

366 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Швециядағы микробиолигиялық зерттеу орталығының басшысы Карин Тегмарк Уизелл COVID-19 –бен қайталап ауруға түрлі факторлар әсер етеді деген пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz  REGNUM басылымына сілтеме жасап.

COVID-19: Тар қауызға сыйдырған тозаң әлегі

Оның айтуынша инфекцияның қайта жұғуы мен дерттің ауыр-жеңіл өтуінің ең басты факторы -иммундық жүйенің белсенділігі мен ауруға қарсы тұру қабілетіне қатысты. Швед зертеушілері қайталап ауырған 150 адамды емдеу  нәтижесінде жинақталған тәжірибемен бөлісе отыра, бірінші жұққан кезде аурудан айығу барысы қалай өтуінің маңызды екеніндігіне тоқталған. Алғашқыдан гөрі екінші ауырғанда  вирустың ағзадағы органдарға тигізер сілтісі азырақ болады деген ой айтқан.

Мальма уиверситетінің дәрігері  Йохан Там аурудың қайта жұғуның бірден бір себебі- антиденелердің түзілмеуінде жатыр деп есептейді. Ал бұл аурудың өзгешелігі сол, ауырып тұрған жандардың барлығында бірдей антидене түзілмейді.

Financial Times хабарлауынша Ұлыбританияда америкалық Johnson & Johnson компаниясы COVID-19–ға қарсы вакцинаның үшінші кезеңін сынақтан өткізуді бастаған.

Вакцинаны тәжірибеден өткізуге 6 мың британдық ерікті қатысса, бұған қоса әлемнің бірнеше елінен  30 мың адам Біріккен корольдік вакцинасының клиникалық тәжірибесіне қатысатынын білдірген.

Америкалық компаниямен ел Үкіметі арасында жасалған келісім бойынша еріктілерге алдымен плацебо немесе тәжірибедегі Ad26COV2 препаратының дозасы беріледі, тек араға біраз уақыт салып 8\ 57 күн өткенде вакцинаның немесе плацебоның екінші дозасы салынады деп ұйғарылған. Тәжірибеге қатысушылар бұл ретте өздеріне вакцина салынып жатыр деп есептейді, ал кімге не салынғаны тек зерттеушілерге ғана аян. Ал олар тәжірибеден өтушілерді үздіксіз жіті бақылап отырады .

Бұған дейін Ұлыбританияда  АҚШ-тың Novavax биотехнологиялық  және  британ-швед фармацевтері  AstraZeneca компанияларымен бірлесе Оксфорд университеті ғалымдарының қатысуымен тағы бір вакцина жасауға кіріскенін жазған болатынбыз.

Johnson & Johnson компаниясы егер вакцина тәжірибеден ойдағыдай өтетін болса, оның алғашқы партиясы алдағы жылдың басында ақ сертификациясын алады деген үмітте екен.

Австралияның оңтүстігінде вакцина және КВИ-ге қарсы дәрілер шығаратын зауыт салынады.  Австралия үкіметінің мәлімдемесіне сүйене бұл жайында SBS телеканалы жария еткенін әлемдік БАҚ жазуда.

Бұл үшін ел үкіметі  720 млн инвестиция салмақшы көрінеді. Австралиялық бір миллиард доллар болатын бұл соманы бөлудегі мақсат- жеке жатқан құрлық тұрғындарын пандемиядан қорғап, аман сақтап қалу. Премьер-министр Скотт Моррисон бұл инвестициялық пакет пандемиядан сақтану үшін ғана емес, жалпы денсаулық саласының дамуына оң ықпал етумен қатар, ел экономикасын нығайтуға да үлесін қосады деп есептейтінін айтқан. «Әрі бұл ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін де маңызды қадам» деген Скот Моррисон.

Ірі жобаның басы Мельбурндағы  Ұлттық биотехнологиялық компания  CSL Limited базасында жасақталып, 2026 жылы аяқталады делінген.

Мексика 1 млн адамы ауру жұқтырған 11-шы ел болды деп жазады  Джон Хопкинс университетінің мәліметіне жүгінген РБК.

Мексика онсыз да әлем бойынша коронавирустан өте көп азаматынан айрылған алғашқы бестікке кіретін. Жағдайдың ушығуына байланысты Мехико мэрі Клаудия Шейнбаум барлар мен түнгі клубтардың жұмысы тоқтайтынын мәлімдеген. Ал мейрамханалар түнгі 22:00 сағатқа дейін оның өзінде  залға 30 пайыз ғана адам отыруына рұқсатымен ғана жұмыс істейді, бұл шектеу кемінде 15 күн болады деген мэр. Мехико тұрғындары бір-бірімен араласудан қашықтап, 10 адамнан артық бір жерге топтануға болмайды делінген жаңа талапта. Мұнымен қатар ел астанасында чек-ин жүйесі іске қосылған. Ол бойынша көпшілік жиналатын орынға келуші QR-код арқылы телефонын тіркетуі тиіс. Соның арқасында  адам вирус жұқтырған жағдайда оның кімдермен бір жерде болғаны, кімге жұқтыруы мүмкіндігі анықталатын көрінеді.