Әлем • 17 Қараша, 2020

Еуропада коронавирус өршіп тұр

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда тәу­лігіне корона­вирус инфекция­сын жұқтырғандардың саны 41 мыңға артты. COVID-19-бен ауырған 550 науқас қайтыс болды. Кампания және Тоскана облыстары «қызыл аймаққа» енді. Елде «қызғылт сары аймақтардың» қатары да кеңейіп келеді.

Еуропада коронавирус өршіп тұр

Испанияда соңғы тәулік ішінде 21 мыңнан астам коронавирус жұқтырған адам анықталды. Сырқаттану көрсеткіші артып, ел үкіметі белгілеген шектеуден асып кеткен. Ұлыбритания ауруханаларында 15 мыңға жуық адам емделіп жатыр. Бұл елде коронавирустың көбеюі бәсеңдеген. Ел билігі вирустың таралу жылдамдығы төмендей бастағанына қарамастан, шектеулердің жеңілдетілуі бұл үрдіске теріс әсер етуі мүмкін деп есептейді.

Францияда ауыр науқастар саны 5 мыңға жуықтады. Жалпы, елде ауыр науқастарға арналған 7700 төсек бар. Олардың үштен екісі толған. Билік өкілдері қажеттілік туындаса, елдегі қарқынды терапиядағы орындардың санын 10400-ге дейін көбейтуге мүмкіндік бар деп отыр. Ел үкіметі карантиндік шара­лардың жеңілдетілмейтіндігін жеткізді.

Аустрияда қайтадан жаппай карантин енгізілді. Сейсенбіден бастап далаға тек нақты себептермен шығуға рұқсат. Мектептер қашықтан оқытуға көшеді, қызмет көрсету кәсіпорындары мен дүкендердің көпшілігі жабылады.