Кәсіпқой бокс • 17 Қараша, 2020

Қарымды қарсыласпен жұдырықтасады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізетін болды.

Қарымды қарсыласпен жұдырықтасады

Әйгілі жаттықтырушы Фредди Роучтың Wild Card Boxing Gym бокс залында өтетін жекпе-жекте жерлесіміз жеңілістің кермек дәмін татпаған АҚШ боксшысы Чарльз Конуэллмен (13-0, 10 КО) жұдырықтасады. Айқас бірінші орта салмақ дәрежесінде өтеді және кездесу он раундқа есептелген.

Айта кетейік, боксшылардың статис­тикасын жүргізетін BoxRec.com басылы­мы отандасымыздың алдағы жекпе-жегін үш жұлдызға бағалап отыр. Бұл – Әшкеевтің жекпе-жегіне берілген ең жоғары баға. Әйгілі басылым бұған дейін отандасымыздың 2019 жылдың мамыр айында америкалық Сесил МакКаламен өткен кездесуін екі жұлдызға бағалаған болатын.