Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Алматылық азамат жалған доллар сатумен айналысқан

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жалған 800 мың АҚШ долларын сату дерегі анықталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Алматылық азамат жалған доллар сатумен айналысқан

ҚР ҚМ, Қаржылық мониторинг комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 100 АҚШ доллары номиналындағы жалпы сомасы 293 200 АҚШ долларын құрайтын 2 932 дана жалған шетел валютасын бірнеше рет сату фактісі бойынша Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сонымен қатар, күдікті жалған 600 000 АҚШ долларын сату үшін сақтаған.

«Күдікті азаматқа қатысты соттың санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды»,-делінген хабарламада.