Технология • 17 Қараша, 2020

Ауылдарда интернетті қамтамасыз ететін дүңгіршектер орнатылады

177 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 1200 ауылда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы дүңгіршектер орнатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауылдарда интернетті қамтамасыз ететін дүңгіршектер орнатылады

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында қызмет көрсету процестері қоғам өкілдерімен бірге талқыланып жатыр. Мысалы, олармен бірге тұрғылықты жерді ауыстырған кезде әскери есеп жөніндегі әскери комиссариатқа бару қажеттілігін алып тастау шешілді. Бұрын бұл талапты бұзған кезде айыппұл да салынатын", деді ол. 

Министр жылжымайтын мүлікті ипотекаға сатып алған кезде кепілді тіркеу қажеттігіне қатысты да проблеманың шешілгенін айтады.

"Бүгін сол үшін адамдар банктен құжаттарды алып, содан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығына жеткізеді. Үш күн өткен соң ХҚКО-дан құжаттарды алып, қайтадан банкке апарғаннан кейін ипотека беріледі. Бұл бюрократияны шешу үшін мысал ретінде блокчейн технологиясын қолданып, Форте банкпен бірлесіп, осы қиын процесті автоматтандырдық", деді Бағдат Мусин. 

Сонымен қатар, ол 1414 Call-орталығына үлкен жүктеме кезінде халықтың наразылығын туғызғанын атап өтті.   

"Біз сапалы кеңес беру үшін ХҚКО-лардың 2 мың операторын осы жұмысқа жұмылдырдық. Байланысты күту уақытын азайту үшін жасанды интеллект элементтері арқылы жиі кездесетін сұрақтарға жауап беру алгоритмін енгіземіз", деді ол. Бағдат Мусин дайын құжаттарды ХҚКО қызметкерлерінің жеткізіп беру қызметі де қолға алынатынын айтады. 

"Банктердегі жеке менеджерлерге ұқсас ХҚКО-лардан да жеке операторды кеңсеге шақырып, қызмет алуға болатын тетікті іске қосамыз. Ауылдарға интернет жеткізу жобасы аясында операторлармен келісіп, 1200 ауылда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы дүңгіршектер орнатамыз. Олар арқылы аудан әкіміне, ХҚКО-ларға денсаулық сақтау мекемелеріне видеобайланыс арқылы жүгінуге болады", деді министр.