Оқиға • 17 Қараша, 2020

Шығыс Қазақстанда техникалық қызмет көрсету стансасы отқа оранды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында техникалық қызмет көрсету стансасы жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда техникалық қызмет көрсету стансасы отқа оранды

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қараша күні сағат 11.29-да Күршім ауылындағы Бунтовских көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету стансасын қызыл жалын шарпыды.

"Шатырдың ағаш құрылымдары өртенген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жалпы аумағы 130 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығу себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін", деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жалынды өшіруге жеке құрамнан 14 адам мен 2 техника жұмылдырылған.