28 Қараша, 2013

Өңірдің өркендеуін қамтамасыз ету – басты міндет

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Б.Әбдішев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тиімді іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өңірдің экономикасының өсімін, тұрғындарының жұмыспен қамтылуын және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.

Қарағанды облысының әкімі әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші оң қарқын алып отырғанын мәлімдеді. Жалпы өңірлік өнім 2,6 трлн. теңге, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,4 трлн. теңге болды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар