17 Сәуір, 2010

БЫЛТЫРҒЫ ЖЫЛҒА ЖОҒАРЫ БАҒА

608 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Астанада Бокс федерациясының өткен жылғы жұмыс қорытындысы мен 2012 жылға дейін спорттың осы түрін дамыту мәселесін талқылауға арналған кеңес өтті. Кеңесте осы мәселелерден бас­қа Қазақстанның ұлттық, жастар және әйелдер құрамасының алдағы жарыстары туралы кеңірек мәлімет берілді. Мұнда федерацияның атқарушы директоры Данияр Әбілғазин мен халықаралық бай­ланыстар жөніндегі вице-прези­денті Жанболат Сәрсенов, ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, мемлекеттік бапкер Болат Абдрахманов пен еліміздің ішкі спорттық шараларын өткізу және Бүкіләлемдік бокс сериясына қатысуы жөніндегі үйлестіруші Болат Манкенов сөз сөйлеп, феде­рация жұмысына, оның боксты дамытудағы алдағы мақсат-міндет­тері жөнінде өз пікірлерін білдірді. Кеңесте сөз сөйлеушілер өткен жылдан бастап федерация басшысы болып Тимур Құлыбаев келгелі бері еліміздің барлық өңірлерінде спорт­тың осы түрін дамытудың жаңа жоба-жоспарлары жасалына бас­та­ғанын, оның ішінде облыстық фе­де­рациялардың басшылығына кәсіп­кер азаматтардың шақырыл­ғанын, қазір олардың қолдау көр­сетуімен боксшылар мен бапкер­лердің жалақысы бірнеше есеге өскенін, ал жаттығу залдары болса қазіргі заман талаптарына сай жабдықталып жатқандығын атап өтті. Сонымен бірге олар бүгінде былғары қолғап шеберлеріне Ал­маты облысының “Ақбұлақ” спорт кешенінде, Алматының жанындағы Новоалексеев кенті мен Ақмола облысы, Щучье қала­сындағы “Жақ­сы” спорт ордасында жатты­ғу­ға мүмкіндік жасалғанын, алдағы кезде дәл осындай залдар­дың Астанада да салынатынын атап айтты. Кеңесте келесі қаралған бір мәселе, боксшылар мен төреші­лердің жұ­мы­сы жайында болды. Мұнда ұлт­тық құраманың бас бапкері бап­керлер мен төреші­лермен жұмыс істеуде федерация­ның вице-прези­денттері Юрий Цхай мен Серік Қонақбаевтың жұмысына ризашы­лы­ғын білдіре­тінін жеткізді. Оның айтуынша, қазір бапкерлер мен төрешілерді ынталандыру үшін оларға мате­риалдық қолдау көрсетілуде. Со­ның нәтижесінде олар өз жұмы­сы­на жауапкершілік­пен қарауда. Осы­ған байланысты оларды шетелдерде тәжірибе алмасу, семинарлар мен оқуларға жіберу мәселесі қарас­тырылуда. Кеңесте осыдан кейін боксшы­ларды ғылыми тұрғыдан дайындау мәселесі қаралды. Бұл мәселе көптен бері айтылып жүргені белгілі. Дегенмен, соңғы кездері ол мәселе қайта қолға алынып, тиісті дең­гейде шешілуде. Мәселен, федера­­цияның атқарушы дирек­торы Данияр Әбілғазиннің айтуын­ша, бүгінде боксшыларды жақсы дайындау мақсатында құрамына дәрігерлер, психологтар, физиолог­тар мен биохимиктер кіретін ар­найы топ құрылып отыр. Бұл топ­тың міндеті – спортшыларға жеке көзқараспен қарап, олардың дайын­ды­ғын әрқашан назарда ұстау. Келесі қарал­ған мәселе, жастар, қыздар және әйелдер құрамалары­ның былтырдан бергі нәтижелерін талқылап, оларды алдағы жарыс­тарға дайындау жа­йын­да болды. Осы мәселе бойын­ша сөз алған мем­лекеттік бапкер Болат Абдрах­манов қазір жастар мен әйелдер команда­лары федера­ция тарапынан барлық қолдауға ие болып отыр­ғандарын, осы күндері әйелдер құра­масы мамыр айында Астанада өтетін Азия чемпиона­тына, ал жас­тары­мыз келесі жылы елордада жалауын көте­ретін әлем чемпиона­тына дайында­лып жат­қан­дарынан хабардар етті. Кеңес соңында осылардан басқа елімізде бірнеше жарыстарды өткізу жоспарланып отырғаны хабар­ланды. Оның ішінде Азия конфеде­рациясы бойынша өткізілетін 21 турнирдің 12-ін Қазақстанда ұйымдастыру­ мәселесі бар. Соны­мен бірге жиын­да осы жазда Астанада Президент Н.Ә.Назар­баев­тың кубогы жолын­дағы турнир мен Бүкіләлемдік бокс сериясы бойынша еліміздің 12 командасы қатысатын жарысты өткізу мәселесі қаралды. Бұл бәсеке жөнінде сөз алған Бүкіләлемдік бокс сериясына қатысуы жөніндегі үйлестіруші Болат Манкенов жекпе-жектің әрқай­сысын 3 минөттен 5 раунд бойынша өткізу жоспарланып отырғанын, оның жеңімпаздары Олим­пиадаға жолдама алуға мүм­кіндіктері болатынын атап айтты. Дастан КЕНЖАЛИН.