28 Қараша, 2013

Қазақстанымыз – Қарашаңырағымыз!

471 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін


Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлт­тық саясатта және этносаралық қаты­­наста қозғаушы күшке айналған. Осы­дан екі жыл бұрын Астана қала­сында өткен халықаралық ғылыми кон­ференцияға қатысқанымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақ­стан халқы Ассамблеясының іргесі мықтап қаланғанын ресейлік әріп­тестерім баса айтқан еді. Біле білсек, бұл қуана құптарлық жайт емес пе?! Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситеті бірлесе ұйымдастырған «БАҚ-тарда этносаралық толеранттылықты бекіту» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысқанымда танымал ғалым, Ресей халықтары Ассамблеясы кеңесінің төрағасы Рамазан Абдулатипов осынау ғаламат институт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында қоғамдық күшті біріктіретін қуатты факторға айналғанын баса айтқан еді. Біле білсек, осының барлығы еліміздегі 140-тан астам ұлт өкілдерінің татулығы, достығы әрі этностар арасындағы ынтымақтың нақты дәлелі.

Өзгелерге үлгі бола аламыз

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлт­тық саясатта және этносаралық қаты­­наста қозғаушы күшке айналған. Осы­дан екі жыл бұрын Астана қала­сында өткен халықаралық ғылыми кон­ференцияға қатысқанымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақ­стан халқы Ассамблеясының іргесі мықтап қаланғанын ресейлік әріп­тестерім баса айтқан еді. Біле білсек, бұл қуана құптарлық жайт емес пе?! Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситеті бірлесе ұйымдастырған «БАҚ-тарда этносаралық толеранттылықты бекіту» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысқанымда танымал ғалым, Ресей халықтары Ассамблеясы кеңесінің төрағасы Рамазан Абдулатипов осынау ғаламат институт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында қоғамдық күшті біріктіретін қуатты факторға айналғанын баса айтқан еді. Біле білсек, осының барлығы еліміздегі 140-тан астам ұлт өкілдерінің татулығы, достығы әрі этностар арасындағы ынтымақтың нақты дәлелі.

Қазақта: «Ырыс алды – ынтымақ» деген аталы сөз бар. Өз басым қайда жүрсем де осынау ұлағатты айтып әрі іс жүзіне асыруға себепші болатыным бар. Ол дегеніміз, кезінде тағдырдың жазуымен ата-бабаларымыз қасиетті қазақ жеріне келіп, дарқан халықпен тіл табысып, ұрпақ сабақтастығын жалғауға мүмкіндік алды ма, міне, соны кейінгі лек­ке әркез айтып, ең бас­­ты­сы – татулықтың, ын­ты­мақ­тың не екендігін көр­сете білудің бір парыз екенін түйсіну. Құдайға шүкір бұл ретте өзгелерге үлгі бола аламыз. Бұл ретте 16 жылдық тарихында ұлттық саясат құрылымында ақылдың кені һәм орталығына айнала білген Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Қашанда қадір тұтып, мақтанышпен айтуға лайық. Бірлігіміздің жарасып, достығымыздың артып, этнос­тар арасындағы ынтымақтың нығайған үстіне нығая түсуіне бұл құрылымның қосып отырған үлесі зор.

Атсалим ИДИГОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Президент сыйлығының

лауреа­ты, Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы.

ТАЛДЫҚОРҒАН.

Киелі мекенім

Мен – саналы ғұмырымның 45 жылын өнерге арнаған жанмын. Алматы консерватория­сын бітірген соң қалалық музыкалық училищеде көп жыл ұстаздық еттім. Оркестрлік бөлімнің меңгерушісі болдым. Еліміздің әйгілі композиторы Евгений Брусиловскийден дәріс алғанымды мақтан етемін. Өнерге деген сүйіспеншілігім мен құмарлығымның арқа­сында үрлемелі, симфониялық және әйелдердің үрлемелі оркестрлерін құрдым. Олар­дың құрамында түрлі ұлт өкілдері бар. Бәріміз бірге туған бауырдаймыз. Арамызда келіспеушілік, дүрдараздық болған емес. Қазақстандай қасиетті мекенімізді қиғымыз жоқ. Кейінгі ұрпақтарымыз да қастерлі өлкеде өмір сүріп, туған жерде еңбек еткенді, өз елінің абыройлы азаматы атанғанды бәрінен биік қояды. Мұның бәрі ұлттардың этносаралық келісімі мен теңдігіне негізделген Елба­сымыздың мемлекеттік сая­сатының арқасы екенін жақсы түсінеміз.

Жолдауда жаңа қазақ­стан­дық патриотизмге ерекше басымдық беріліп, көпұлтты және көпконфессиялы қоға­мы­мыз табысының негізі ретінде алға тартылды. Демек, ерекше жауапкершілік бәрімізге жүк­теледі деген сөз. Барша қазақ­стандықтар өзара достықта өмір сүруді қашанда басты мұрат тұтары анық.

Бүгінде құрметті еңбек дем­алысында жүрсем де шы­ғар­машылықтан қол үзген емеспін. Қазақ ұлтына қатысты саз фольклоры үлгілерін жинаумен де айналысамын. Қа­зақстан Республикасының ең­бек сіңірген мәдениет қыз­мет­кері Иван Мищенко жетекшілік ететін ардагерлердің қалалық ұлттық хорының белсенді мүшесі ретінде ширек ға­сыр­ға жуық қазақ әндерін шыр­қап келемін. “Он алты қыз­ды» әуелеткенде ән орын­дау мәнеріме кейде қазақ­тардың өздері таңғалады. Жас­тайымнан қазақ балаларымен құлын-тайдай тебісіп бір­ге өскендіктен, салт-дәстүр­лерін, әдет-ғұрыптарын жетік білемін. 100-ден астам өнерпаз шәкірт тәрбиелеп шығардым. Олар Астана, Омбы және Но­во­сібір қалаларының өнер ұжым­дарында қызмет етеді. Бүгін­де Петропавл қа­ла­сын­дағы Жоғары әскери инс­ти­туттың және ішкі істер әс­кери бөлімінің үрлемелі ор­кес­тр­лерінде ойнайтын ор­кес­­­трант­тардың бәрі менен тәлім алған.

Поляк саяхатшысы айтса айтқандай: қазақ даласы маған да ән салып тұрғандай көрінеді. Қасиетті де киелі мекенімді ешнәрсеге теңестірмеймін, әр тасы, әр төбесі мен үшін өте ыстық.

Сайдаш ҒАЙСИН, Петропавл қаласының құрметті азаматы,

«Дослык» татар-башқұрт қоғамының мүшесі.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Бірлігіміз берік, татулығымыз тұрақты

Қазақ жері – талай ұлтқа достық құшағын ашқан құт мекен. Болгарлар осынау халқы жомарт дарқан далада ғасырдан астам уақыт қоян-қолтық өмір сүріп келеді. 1997 жылы болгар ұлттық-мәдени орталығы құрылды, бүгінде ол Ақтөбе облыстық «Вяра» болгар этномәдени бірлестігі деп аталады. Елбасы көпұлтты еліміздегі басты байлық ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлік пен достықтан тамыр тартатынын үнемі айтып келеді. Президент Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз Қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбіт­шілік жағдайда өмір сүру – бар­ша қазақтың қағидасы болуы шарт», деп атап өткен бола­тын. Бұл еліміздегі барша халықтың қамын ойлау, бейбіт өмірін қамтамасыз етудің кепілі іспетті ойымызда қалды.

Төзімділік қазақ халқының ұлттық құндылығы десе де бол­ғандай. Ел-жұрт, жеті атаны білу, қонақжайлылық, айна­ласындағыларға асарлап кө­мек­тесу, сыйластық пен са­бырлылық қазақтың қа­нына біт­кен қасиеттер екенін өмірде көріп жүрміз. Осындай ізгіліктердің арқасында ор­тақ үйіміз – Қазақстанда бей­бітшілік пен тұрақтылық қа­лыптасып отыр. Бұған бізде өз хал-қадірімізше үлес қосып келе жатқанымызды мақтаныш тұтамыз.

Еліміз үшін күрделілеу болған тоқсаныншы жылдары Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды бірегей институт құрып, әр ұлт, әр ұлыстың ел үшін аса маңызды екенін айқын аңғартты.Тәуелсіздік алған жылдары ұлттардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және тілі мен мәдениетін сақтауға және дамытуға айрықша көңіл бөлінгенін айту орынды. Міне, осындай қамқорлықты көріп отырған ұлттардың бірі – болгарлар.

Елбасы барлық ұлттарды ұйыстыратын қазақ тілі еке­нін ұдайы айтып келеді. Мем­лекеттік тілді меңгеру, жас­тар­дың қазақ тілін оқып-үйре­нуге құлшынысы шынайы отан­шылдық сезімнің белгісі. Егер сен тіл білсең, еліңнің тарихын және мәдениетін білесің.

Гүлденген және өркендеген Қазақстан – біздің жарқын болашағымыз. Еліміздегі ұл­т­аралық бірліктің қазақ­стандық моделін БҰҰ мен ЕҚЫҰ да таныды. Ұлтаралық төз­імділік алыс және жақын шетел үшін қазақстандық бренд ретінде қабылданғаны да шындық.

Болгарлар қазақтармен жүз жылдан астам бірге тұрып, та­мырын тереңге жайды. Об­лыс­та 1 мыңға жуық болгарлар бар. Соның 500-ден астамы Алға ауданы Болгарка ауылын­да тұрады. Бұл ауылда қазақша білмейтін болгарды кездестірмейсің, барлығы біледі. Қыз алысып, қыз бері­сіп, құда-жегжат болып кет­кендері қаншама. Біз де қазақ көршілеріміз сияқты соғым сойып, сыбағаласып жатамыз.  

Облыста этномәдени бір­­лестіктердің дамуына жақ­сы жағдай жасалып отыр. Олар «Достық» үйінде орна­ласқан. Мұнда әр ұлттың өзі­нің тілін, тарихын оқып-үйре­нуіне, салт-дәстүрін сақ­тауға, жастарға үйретуге мүмкіндік жасалған. Жыл сайын облыс әкімі этномәдени бірлестіктерге қар­жылай грант бөліп тұрады. Біздің «Вяра» би ансамбліміздің өнерін облыс таниды. Ансамбль бишілері қандай болмасын мәдени шараны ажарлай түседі.

Елбасы «Қазақстан -2050» Стратегиясында Қазақстан біздің қасиетті мекеніміз екенін, кейінгі ұрпақтың осынау қастерлі өлкеде өмір сүріп, өркен жаятынын жадымызда жаңғыртты. Қай халықтың да ұрпағы үшін өмір сүретіні белгілі. Қазақстанда тұратын қай ұлттың өкіліне де ертеңі үшін, ұрпағының келешегі үшін алаңдаушылықтың болмайтынына осы « 2050» Стратегиясы кепілдік құжат десем, артық айтқандық болмас. Біз осындай бірлігі жарасқан елде туып, өскенімізді мақтаныш тұтамыз, кейінгілерге өнеге ретінде айтып жүреміз. Қа­зақстанның бүгіні де, болашағы да мұндай құрметке лайық бола беретініне сенім мол.

Анастасия ПОДОЛЬЯНОВА,

Ақтөбе облыстық «Вяра» болгар этномәдени бірлестігінің төрайымы.

Ақтөбе.

Алда болу – асыл қасиет

Мен шалғай ау­дан­да­ғы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып 40 жылдан астам қызмет атқардым. Осынау ұзақ мерзімді жұмысымның мәні өзім армандаған үмітімнің жемісін ел тәуелсіздігімен байланыстырамын. Өйт­кені, Қазақстанның тағы­лымды тари­хы, жасампаз еңбегі, жарасты тіршілігі бүгінгі ұлық күн­де­рі­мізге жеткізіп отыр. Ал, тәуелсіздігіміздің тірегі ретін­де Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қалың елі­міздің қарым-қуатын жер-жаҺанға дәлелдеп, әлемдік қауым­дастықтың алдыңғы сапына бастады. Бұл – мақсаты берік халықтың ұстанымы. Сондықтан, ұрпақтан-ұр­пақ­қа жалғасқан оқушыларыма берген дәрістерімнің, құлақ­тарына құйған ақыл-кеңестерімнің ақталғанына қуанамын.

Қазақстанның тәлім тәжірибесі алда болуды мақсат еткен халықтың мұратына жететіндігін айғақтайды. Осы ақиқаттың барлығы Президенттің жігерлі жолдауларының әрқайсысында көрініс тапқан. Әсіресе, бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың төрінен үн қататын «Қазақстан-2050» Стратегиясының маңызы орасан. Темірқазық нысана – қалыптасқан мемлекетімізді барынша дамыған 30 елдің қатарына қосу. Біз бұған сенеміз. Бірақ, Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, барлық салада жаңаша жұмыс жасау керек.

Ара-тұра өзімнің асыл мектебіме барып жүргенде байқағаным, бүгінгі ұстаздардың бетбұрысы бекем екендігі. Мектебіміз де президенттік білім ұялары үлгісінде жаңадан салынған. Ендігі міндет – дайындықтың жаңа сапаға көшуі, оқытудың тиімді жүйесін құру, ғылыми зерттеулердің әлемдік деңгейге шығуы мен ғылымның инновациялық процестерге қосылуы болып табылады. Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионын тәрбиелеген біздің ауыл мұндай істерге қабілетті деп санаймын. Бизнес құрылымдарының әлеуметтік жауапкершілігі ауыл тіршілігіне сілкініс әкелгенін де қанағатпен атауға болады. Аудандағы барлық мектептер жергілікті шаруашылық нысандарының қамқорлығында. Осыған байланысты кәсіптік мектептердің еңсесі көтеріліп, жастардың жұмыс іздеп шапқылауы азайды, ауылдарымыз ажарланып қалды.

Мені Қазақ елінің бауырмалдығы үнемі алға бастап келеді. Владивостоктан жер аударылғанымызда 10 жаста ғана едім. Әкемді көрмедім, анам төрт күннен кейін қайтыс болған екен. Нағашы ата-әжемнің қолында Жақсы елді мекенінде өсіп, тәрбиелендім. Ел ішінде жетімдік көрмей, жоғары білім де алдым. Мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болып та істедім. Балаларым да өзім жұмыс істеген Жақсы орта мектебінің мұғалімдері. Немерем Катя диссертациялық жұмысымен Сеулде екі рет тәлімдемеден өтті. Ешқашан еңбегімді бұлдаған емеспін. Соған қарамастан, Қазақстанның, Ресейдің, Белоруссияның үздік адамдары халықаралық энциклопедияларына атымның жазылғаны бар. Мұның барлығы жасампаздық ұясы саналатын Қазақстанымыздың, оның Тұңғыш Президентінің беделі деп білемін.

Сергей ХВАН,

ардагер ұстаз.

Ақмола облысы,

Жақсы ауданы.

Отаншылдық – тәрбие өзегі

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» Стра­тегиясын қайталап оқыған сайын жаңа қырлары ашыла береді. Мұнда Нұрсұлтан Әбішұлы елді одан әрі дамытудың аса маңызды стратегиялық мақсаттарын өте дәл айқын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге оны іске асыру жолдары мен тетіктерін белгілеп берді. Айталық, еліміздің болашағы қандай болмақ деген бір ғана сауалға қысқаша қандай жа­уап қайтаруға болар еді. Президенттің өзінің сөзімен түйіндесек: «Бұл балаларымыз бен бүгінгі ұрпағымызды қалай тәрбиелеуімізге тікелей байланысты».

Дәл осы мәселеге Елбасымыз үлкен маңыз беріп отырғаны тектен-тек емес. Әрі осы ой-пікірімізге Президенттің республиканың білім беру жүйесіндегі ұйымдарға «Өлкетану» оқыту курсын енгізу жөнінде тапсырма бергені айқын дәлел. жоғарыда айтылғандай, патрио­тизм мен азаматтыққа баулу жалаң түсінікпен жасалмайды. Бұған сан түрлі тәсілдер мен үлгілер шоғыры қол­данылғанда ғана тиісті нәтиже бере алады.

Соның ішінде туристік-өлкетану қыз­меті мейлінше әмбебап, тиімді құрал­дардың бірі бола алатыны хақ. Бұл тұрғыда тек өз еліміздің ішіндегі мысалдармен шектелмей, көрші елдердің не істеп, не қойып жатқандарына ден қойғанның артықшылығы болмаса керек. Айталық, алдағы 2014 жыл ТМД елдерінде Туризм жылы болып белгілену дерегі де аталған мәселенің өзекті де, салмақты екенін аңғартады.

Осындай келешек ұрпақ тәрбиесі үшін аса қажетті қызмет түрі бойынша Орал өңірінде мол тәжірибе жинақталды. Атап айтқанда, облыста республикамызда баламасы жоқ балалар мен жасөспірімдер туризмі жүйесі құрылды. Бұл үлкен құрылым Орал қаласы мен облыстағы он екі ауданды түгел қамтиды. Осы арқылы жыл сайын әртүрлі сайыс­тар мен жарыстар, тур­нирлер, жорықтар мен фестивальдер жүйе­лі түрде өткізіліп тұра­ды. Бұдан басқа да туристік-өлкетану қыз­метінің сан-салалы тармақтары кеңінен өріс алып келеді. Тағы бір айта кетерлік мә­се­ле, бұл кешендік іс-шаралардың ау­қы­мы бір ғана Ақжайық аймағымен шек­тел­мейді. Бұған көршілес облыстар мен Ресейдегі мектеп оқушылары да қатысып жүр.

Бұған қоса айтарым, мемлекеттің жаңа саяс­и бағыты мемлекеттік жастар саясатын да жаңа тетіктер арқылы жүргізуді талап етеді. Бұл орайда патриоттық тәрбие мен туристік-өлкетану қызметіне жаңаша серпін берілсе бұдан тек бәріміз де ұтар едік. Осы мақсатта біз елімізде тұтас бір тұжырымдаманың жасалуы артықтық етпейді, тіпті бүгінгі күннің қажеттілігі деп санаймыз. Осы арқылы қазақстандық мектеп оқушыларының «Менің Отаным – Қазақстан» атты республикалық туристік-өлкетану экспедициясының қызметін жаңа сапалық деңгей мен биікке көтеруге болады ғой деп есептейміз.

Виктор ФОМИН,

Батыс Қазақстан облыстық балалар

мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры,

педагогика ғылымдарының кандидаты.

ОРАЛ.

Аялы алақанның жылуын сезінеміз

Лондон Олим­пиа­дасында қазақстандық спортшылар жалпы-командалық есепте 12-орын­ды иеленді. Спорт­тың әр түрі бо­йынша Қазақстан туы­ның астында өнер көр­сеткен түрлі ұлт пен ұлыс­тың өкілдері бол­ды. Бұдан біз еліміз­дегі тұрақтылық пен эт­носаралық татулық­тың белгісін көргендей болдық. «Біздің бұл ба­ғыттағы басты мақ­сатымыз қарапайым және түсінікті: Біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты. Қазақстандық патриотизмнің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі болып саналады», деді Елбасы өз Жолдауында. Ал біздің көпұлтты құрамамыз Елбасы айтқан көшелі сөздің үдесінен шықты.

Біз Қазақстанды өзіміздің Отанымыз санаймыз. Себебі, қиын-қыстау заманда қо­лындағы жарты нанын бөліп беріп, еңсемізді тіктеп, аяғымыздан тік тұрып кетуімізге көмектесті. Бұдан басқа өзіміздің салтымызды, әдет-ғұрпымыз бен мәдениетімізді сақтауға, дамытуға үлкен көмек көрсетіп отыр. Елбасы: «Мем­лекетте бәрі тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы не жаман деген болмайды», деп ерекше атап өткен еді. Мұны біз қазақ халқының, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың зор жанашырлығы ретінде қабылдаймыз. Ал өз кезегімізде біз Қазақстан мемлекетіне адал қызмет етіп, туған Отанымыздың өсіп-өркендеуіне бар күш-қайратымызды жұмсаймыз деп нық сеніммен айта аламыз.

ЮрийКИМ,

Қазақстан корейлері қауымдастығы

Қызылорда облыстық филиалы

төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар