Аймақтар • 18 Қараша, 2020

Полицейлер есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы операция өткізді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы операция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы операция өткізді

Тәртіп сақшылары арнайы операция барысында Жеңіс көшесінде есірткі сатқаны үшін бұрын сотталған 39 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында оның сөмкесінен гашиш салынған 13 полиэтилен пакет табылды. Ер адамның тұратын жерін тексерген полицейлер гашиш салынған үш полиэтилен пакетті және өткізуге дайындап қойған, өлшеніп, буылып-түйілген 32 полиэтилен ораманы тапқан.

Арнайы операцияны өткізу нәтижесінде заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі тәркіленді. Оның “қара нарықтағы” бағасы шамамен 30 млн. астам теңгені құрайды. Қазіргі таңда еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткіні жеткізуге және өткізуге қатысы бар қылмыстық тізбекке қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау), ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу), ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі (Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласының ПД  уақытша ұстау изолторына қамалды.