Қоғам • 19 Қараша, 2020

Ермұрат ер екен

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаарқа ауданындағы Ақтүбек ауылы Ермұрат Зекен сынды ұлдарын орын­­ды мақтан етеді. Ме­ди­­ци­налық жоғары оқу орнын биыл ғана тәмамдаған жас маман коронавирус инфек­ция­сы құтырып тұр­ған күр­де­лі кезеңде туған ауы­лына көмек қолын соз­ған.

Ермұрат ер екен

Ермұрат Зекен Қарағанды мемлекеттік медицина уни­вер­си­тетін тәмамдай сала, маусым айында облыс орталығындағы провизорлық орталықта ерікті ретінде жұмыс істеген. Жас маман басын қауіп-қатерге тіге жүріп, небір жауапты іс­тер­ді атқарды. Сөйтіп жүріп өзінің туған ауылын да бір сәт естен шығармаған. Ал бұл кезде Ермұраттың кіндік қаны тамған Ақтүбек ауылында жасанды оттегі аппараттарының жетіспеушілігі қатты сезіліп тұрған болатын.

Мәселенің мән-жайына қа­ныққаннан кейін Ермұрат жерлесі Азамат Смағұлов екеуі бірігіп, жалпы құны 219 мың теңге болатын бес оттегі баллонын арнайы тапсырыспен алдыртып, Ақтүбек ауылының тұрғындарын айтып жеткізгісіз қуанышқа бөледі. Жас маман ауылға арнайы келіп, әлгі оттегі баллондарын ауылдағы амбулаторияға орнатып, іске қосқан.

«Шын мәнісінде Ер­мұ­раттай асыл азамат ауыл­дың бірталай адамының өмірін сақтап қалды десем, артық айтпаған болар едім. Ол тұр­ғындарымызға сенім сыйлады, ертеңгі күнге де­ген үмі­тін жақты», дейді Ақ­тү­бек ауыл­дық округінің әкімі Ерлан Орманов.

Ермұраттың өзі үйдегі төрт баланың үлкені екен. Жап-жас жігіт бауырларының ғана емес, бүкіл ауылдың қамқоры болып, осылайша азаматтық танытты. Ақтүбек ауылы тұр­ғын­дарының Ермұраттай ер ұлды тәрбиелеп өсірген ата-анасына деген ризашылығы тіпті ересен!

 

Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы