"Полицейлер құқық белгілейтін құжаттарды тексеру кезінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны, 36 жастағы жүргізушінің 160 бас қойды заңсыз тасымалдағанын анықтады. Оның тиісті құжаттарсыз, атап айтқанда, ветеринарлық инспекция анықтамалары мен жануарлардың төлқұжаттары болмаған", деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Нығметолла Қаббасов.
Аталған факті бойынша учаскелік полиция инспекторы материал жинап, ҚР ӘҚБК 406-бабына сәйкес шешім қабылдау үшін ветеринариялық инспекция комитетіне жіберді, енді тәртіп бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Ер адам Шығыс Қазақстан облысында қойларды арзан бағамен сатып алғанын және оны өз шаруашылығы үшін тасымалдағанын түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктерді тиісті құжаттаманың болуына және тасымалданатын малдың тиесілі ме екенін тексеру мақсатында тексеруге ерекше назар аударады. Мал және ет өнімдері сатылатын базарлар, сауда орталықтары тексеруден өтетін болады.