Сонымен, рейд кезінде полиция мониторинг тобы құрамында 70-ке жуық келушілер демалып жатқан Zoloto мейрамханасын анықтады. Клиенттер әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамаған.
«Иесі мен келушілер тыйым салуды елемей, айналасындағы адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Жиналған материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Соңғы тәулікте мобильді топ 236 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, карантинді бұзудың бес фактісі анықталды. Нұр-Сұлтан полиция департаменті мекеме иелері мен келушілердің абайсыз әрекеті инфекцияның таралуына әкеліп соқтыратынын ескертеді. Карантин режимін бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.