Елбасы • 19 Қараша, 2020

Тұңғыш Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұңғыш Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады

Кездесуде Елбасы пандемия жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен шағын және орта бизнес өкілдерін қорғаудың маңыздылығына назар аударды.

Өз кезегінде А.Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, полиция, мәдениет, спорт саласы қызметкерлері мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға арналған қолжетімді баспана құрылысының барысы туралы ақпарат ұсынды.

Сондай-ақ елорда әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланың жол және инженерлік инфрақұрылымы, әлеуметтік жобалар, тұрғын үй алаптарын абаттандыру бағытында қабылданған шаралар туралы айтып берді.