Қазақ халқы өзінің ата-бабаларының жері мен елінде төрт мың жылдан бері тұрақты тұрып жатыр. Мұның физикалық антропологияға негізделген нақты ғылыми тұжырымдардың негізінде ғылыми тұрғыдан толық дәлелденгені қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов пен көрнекті ғалым-антрополог Айнагүл Смағұлованың «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітабында баяндалады. Бұл еңбекте тұңғыш рет қазақ халқының көпсалалы, кешенді морфофизиологиялық және популяция-генетикалық ерекшеліктері ауқымды деңгейде зерттелген.

Аталған туындының таныстырылымы жуырда Еуразия Ұлттық университетінде өтіп, оған бірнеше отандық танымал ғалымдар мен Zoom платформасы арқылы оқытушы-профессорлар, студенттер қатысты.
Ұлттық ғылым академиясының академигі, Болония Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ұлттық музейінің физикалық антропология зертханасының меңгерушісі Оразақ Смағұловтың ғылымның осы саласында еңбек етіп келе жатқанына табаны күректей алпыс бес жыл толыпты. Осы жылдардың ішінде ғалым көп оқиғаларды бастан өткізген. Сонау бір кеңестік жүйе үстемдік құрып тұрған тұста кітаптары цензураға ұшырап, өртелген жағдайлар да кездескен. Одан бергі тәуелсіздік алған жылдардың үлесінде ғалымның ізденістері мен жетістіктері өте көп. Оған қазақ және орыс тілдерінде шығып жатқан іргелі еңбектері мен шет тілдерінде түрлі елдердің ғылыми журналдарында жарияланып жатқан мақалалары дәлел. Осы мәліметтерді алға тартқан Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов «Қазақ халқы және ата тегі» атты монографияны қазақ халқының этникалық антропологиясы туралы дара еңбек деп атап көрсетті. Ректор әйгілі ғалымға университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен «Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры» атағы берілгенін жариялады. Ол сондай-ақ тұңғыш қазақ антропологын «Күлтегін» медалімен марапаттады. Е.Сыдықов оған қоса әйгілі ғалымның қызы әрі ғылым жолындағы шәкірті Айнагүл Смағұлованы да университет медалімен марапаттап, шығармашылық табыстар тіледі.
Іс-шара барысында Ұлттық музей директорының орынбасары, академик Жәкен Таймағамбетов көрнекті ғалымның нақты қай кітабы өртелгенін айтып берді. Ол – өткен ғасырдың 1977 жылы жарыққа шыққан «Этническая геногеография Казахстана» атты іргелі еңбек. Кеңес жандайшаптары шығарма авторының «қазақ руларын тізіп жазғанын», «қазақты ерекше халық етіп көрсеткенін» құптамаған. Кітап КПСС-тің саясатына қарсы деп танылған. Ж.Таймағамбетов академик «Қазақ халқы және ата тегі» монографиясы арқылы қазақ антропологиясында «революция» жасағанын баяндады.
Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған жаңа шыққан монографиядағы деректерді ғылыми айналымға енгізгенін атап өтті. Яғни ол өзінің қазақ және орыс тілдерінде жуырда жарық көрген кітабында бұл монография туралы мәлімет берген. Ол академиктің ғылымдағы жолының ауыр болуының бір себебін қазақтан шыққан атақты диссидент Махмет Құлмағамбетов есімімен байланыстырды. Өйткені Кеңес өкіметі тарапынан қуғынға ұшыраған, елден жырақта күн кешкен диссидент академиктің жиені болған. Кейінірек О.Смағұловтың «Қазақтың айбарлы диссиденті» атты кітап жазғаны мәлім.
«Қазақ халқы және ата тегі» атты кітапта кездескен мәліметтердің еш жерде ұшыраспайтыны туралы филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыпов мәлімдеді. Профессордың айтуынша, бұл кітап қола дәуірінен бастау алады. «Әдетте біз тарихты бесінші ғасырдан бастаймыз. Бұл кісі бағзы заманнан, қола дәуірінен бастайды. Мен бұл кітапты қазақтың қырық ғасырлық тарихына қойылған ескерткіш деп айтар едім. Академик Алтайдан Атырауға дейінгі аралықтағы өмір сүріп жатқан біздің қанымыз, сүйегіміз бір екенін, бір ұлт екенімізді дәлелдеп берді. Яғни түп атамыз бір. Осы кітапты оқып шығып ашық-шашық жатқан ел екенімізді де байқадым. Зерттеу мақсатында қазып алынған қаншама сүйектер шетел асырылған. Бұл өзімізге зиян. Соңыра қайта айналып соғатын сияқты. Академик осы нәрселерді жанашырлықпен жазып отыр», – деді ол.
«Қазақ халқы және ата тегі» кітабының тұсаукесерінде атақты академиктің өзі де сөз сөйледі. Ол қазақ халқы, қазақ ғылымы бастан өткерген өткелектер туралы айтып, ендігі жерде «қабырғамыз қайысатын» жағдайлар орын алмасын деп тілейтінін жеткізді. О.Смағұлов егеменді елімізде 40 ғасыр бойы нәсіл-тегі үзілмей, тіршілік етіп келе жатқан бір ғана ұлттың бар екенін, оның қазақ екенін айтты. «Халқымыздың бір ерекшелігі – даму сатысының физикалық-антропологиялық құрылымының негізіне қарағанда, нәсіл-тегі келешекте де, яғни үстіміздегі үшінші мыңжылдықтың аяғына дейін сақталып қалатындығын байқатады. Сондықтан бүгінгі егеменді қазақ халқы өзінің биоәлеуметтік құрылымы жағынан туған жерінде Мәңгі ел болып сақталуының мүмкіншілігі бар ұлттық қауым қатарына жатады», деді ол.
Қазақ халқының шығу тегіне қатысты мәселелерге ғылымда осы күнге дейін нүкте қойылған жоқ-тын. Халқымыздың шығу тегін сан-саққа жүгіртіп, оның ішінде аңыз әңгімелермен байланыстыру немесе бірдеңесінші ғасырларда басқа бір жақтан «ұлы көштің» себебімен ауып келген деген сыңайдағы болжамдар осы күнге дейін оқулықтарда, ғылыми әдебиеттерде жүргені өтірік емес. Оның ішінде ең қауіптісі, әр ру өзінің тегін, нәсілін әртүрлі ататектерден таратуы дер едік. Жаңадан жарық көрген «Қазақ халқы және оның ата-тегі» кітабы біздіңше сыңаржақ болжамдар мен тұжырымдарға нүкте қоюы тиіс. Яғни қазақ халқы өзінің туған жерінде төрт мың жылдан бері тіршілік етіп келеді және қазақ руларының бәріне тән бір ғана ататек бар. Дұрысы, бар қазақ – бір қазақ.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Бүгін, 12:05
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 09:53
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда 33 жыл бойы өзгермей тұрған рекорд жаңарды
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар