Алматыда «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамыту мақсатында құрылған Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Басқосу барысында парк аумағындағы қалдықтарды бөліп жинау алаңдары таныстырылды.

Іле-Алатау қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаудың инфрақұрылымын толыққанды жасақтаған Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк болып отыр. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасымен қорық аумағында барлығы 31 жаңа қалдық алаңдары орнатылып, ӨКМ Операторы 225 контейнер қойған. Сондай-ақ құрғақ және дымқыл қалдықты екі бөлек салып әкету үшін елімізде баламасы жоқ көліктік техника құрастырылды.
«2019 жылы Ұлттық паркке 300 901 адам келді. Бұл көрсеткіш артады деп күтілуде. Сондықтан 2030 жылға дейін парк аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау деңгейін 85%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қалдық алаңдары Алма-Арасан, Мұзтау, Қимасар, Аққайың, Қаскелең, Ақсай, Есік, Түрген және т.б. шатқалдарда орнатылды», – деп атап өтті «Іле-Алатау» МҰТП Бас директоры Дамир Малгелдиев.
Экология вице-министрі Ерлан Нысанбаев ұлттық парк аумағында 30 «Эко-Сергек» камерасы орнатылатынын хабарлады. Бұл жоба жергілікті әкімдікпен бірге жүзеге асырылмақ.
– Біз азаматтарымыздың табиғатта өздерін ұстау мәдениетіне қарап, осындай шаралар қабылдауға мәжбүрміз. Келушілер жиі қоқыс қалдырады, темекі тұқылын тастайды, жаққан отты өшірмей, өртке себепкер болады. Вандализм фактілері де кездеседі. Әрине, «Эко-Сергекті» енгізудегі басты мақсатымыз айыппұл салу емес, табиғат ананы қорғау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу – деді Ерлан Нысанбаев.
Бейнебақылау құрылғылары тек туристерді тәртіпке салып қана қоймай, өрт шыққан кезде жедел дабыл қағып, жылдам әрекет етуге, браконьерлерді анықтауға септеспек. Вице-министрдің сөзінше, қоқысты сұрыптап тастау алаңдары мен «Эко-Сергек» тәжірибесін біртіндеп басқа ұлттық парктерге де енгізу жоспарда бар. Айтылған ұсыныстар Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан толық қолдау тапты. Түрген, Алма-Арасан шатқалдарындағы экотуризмдік инфрақұрылымдарды жетілдіру, экологиялық білім мәселесі жиынның өзегіне айналды.
АЛМАТЫ
Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма
Қазақстан • Кеше
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Қарағандылық тележурналист Қасымның кинодағы рөлін сомдады
Аймақтар • Кеше
Әріптестік әлеуеті жеміс беруде
Аймақтар • Кеше
Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектеп үздік атанды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда E-Commerce орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы егілді
Қоғам • Кеше
Қазақстандықтарды вакцинациялау мерзімі белгілі болды
Қазақстан • Кеше
«Menin Armanym» жүректерге жылу сыйлайды
Руханият • Кеше
Аудан әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Аймақтар • Кеше
Оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды
Аймақтар • Кеше
Марат Шоранов халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау тәртібін түсіндірді
Коронавирус • Кеше
Алматыда балмұздақ байқауы өтті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қайсар» Түркияда жолдастық кездесулер өткізеді
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс ратификациялық заң жобаларын мақұлдады
Парламент • Кеше
Елордада мектеп оқушылары робототехникамен айналысады
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Чехия нарығына 45-тен астам өнім түрін жеткізе алады
Экономика • Кеше
Таразда жасырын ойын орны анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясына қабылданды
Қазақстан • Кеше
Ақпараттық-ағарту штабының жұмысы – ашықтықты талап етеді
Қазақстан • Кеше
Отандық төсек-орын өнімдері АҚШ пен Канадаға экспортталды
Экономика • Кеше
Видео • Кеше
Франция елшісі Қазақстандағы діни сенім бостандығына баға берді
Қазақстан • Кеше
Атырауда фитнес орталықтан ақша ұрлаған әйел ұсталды
Аймақтар • Кеше
«Қайрат» қақпашысы әлемдік рекорд жаңартты
Футбол • Кеше
iPhone 12 денсаулыққа зиян деп танылды
Технология • Кеше
Жаңа Lada Niva көлігі құрастырылуы мүмкін
Технология • Кеше
Түркістанда 100 адамның басын қосып, көкпар берген
Аймақтар • Кеше
Теміртауда қарияға қысым көрсеткен күдікті табылды
Оқиға • Кеше
Семейде екі автобус жол апатына түсті
Аймақтар • Кеше
Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ-ға алғашқы күні 10 мыңнан астам өтінім берілді
Қоғам • Кеше
Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамалды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 5 мыңға жуық отбасы инфрақұрылым жүйесімен қамтылады
Аймақтар • Кеше
«SHYMKENT» ӘКК» 30 инвестициялық жобаны жүзеге асырады
Аймақтар • Кеше
Атыраудағы стационарларда 1 миллионға жуық дәрілік зат бар
Аймақтар • Кеше
Құдыққа құлаған құнанды құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Арыста жоғалған бір үйір жылқы табылды
Аймақтар • Кеше
Германия шаруалары трактормен шеруге шықты
Әлем • Кеше
Қазақстанда 40 мыңнан астам автокөлік ұрланған
Қазақстан • Кеше
АҚШ әскеріндегі әйелдерге боянуға рұқсат берілді
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар